Microsoft Office Online
Менің Office Online (Бұл не?) орталығыма кіру | Кіру

 
 
Microsoft Office Word
Іздеу
Іздеу
 
Жаңартулар: (c) Microsoft
Office қотармалары
 
 
 
Қолдау мен кері байланыс
Техникалық қор көздері
Қосымша қор көздері
Ескерту: Бұл бетті сіз қолданбаған шолғышпен қарап отырсыз. Бұл веб-торап Microsoft Internet Explorer 6.0 не одан жаңа, Firefox 1.5 немесе Netscape Navigator 8.0 нұсқаларымен ең жақсы көрінеді. Қолданатын шолғыштар жөнінде көбірек біліңіз.

Үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелерді кірістіру
Келесіге қатысы бар: Microsoft Office Word 2007
 

Үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелер құжаттағы әрбір беттің жоғарғы, төменгі және бүйір жақтау араларындағы (жақтау жолақ: Беттегі басу аумағының сыртындағы бос орын.) аумақтарда болады.

Үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелер

Үстіңгі деректемелерге немесе төменгі деректемелерге мәтінді немесе сызбаны кірістіруіңізге немесе өзгертуіңізге болады. Мысалы, бет нөмірлерін, уақыты мен мерзімін, компания енін, құжат тақырыбын немесе файл атауын не автордың атын қосуыңызға болады.

Егер енгізілген үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені өзгерткіңіз келсе, Үстіңгі және төменгі деректеме құралдары астындағы Үстіңгі және төменгі деректеме қойындысы үстіңгі деректеме мен төменгі деректеменің басқа параметрлерін береді.

Не істегіңіз келеді?


Мен жиынтықтағы үстіңгі деректеме немесе төменгі деректеме жасақтамаларын көрмеймін

Егер жиынтық ішінде енгізілген үстіңгі деректеме мен төменгі деректемелердің жасақтамасын көрмесеңіз, стандартты блоктар қондырмасы болмауы мүмкін. Енгізілген жасақтамалардың барлық Microsoft Office Word 2007 стандартты блоктар жиынтығында көрінетіндігін тексеру үшін, келесілерді орындаңыз:

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Word параметрлері түймешігін нұқыңыз.
  2. Қондырмалар түймешігін басыңыз.
  3. Басқару тізімінде Ажыратылған элементтер тармағын таңдап, Өту түймешігін басыңыз.
  4. Building Blocks.dotx тармағын таңдап, Қосу түймешігін басыңыз.
  5. Word бағдарламасын өшіріп, қайта қосыңыз.

Бөлімдері жоқ құжатта үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелермен жұмыс істеу

Бөлімдері жоқ қарапайым құжатта үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелерді енгізуіңізге, өзгертуіңізге болады. Егер құжатыңыздың бөлімдері барына сенімсіз болсаңыз, күй тақтасындағы Жоба түймешігін басыңыз. Басты қойындысының Табу тобында Өту түймешігін басыңыз. Бөлім түймешігін басыңыз, содан кейін құжаттағы бөлім үзілімін табу үшін Келесі түймешігін басыңыз.

Үстіңгі деректемелерді немесе төменгі деректемелерді енгізу немесе өзгерту

Жасақталып қойған үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелерді құжатыңызға енгізіп, үстіңгі деректеме мен төменгі деректеме жасақтамаларын оңай өзгертуіңізге болады. Немесе компания ені мен қолданбалы көрінісі бар жеке үстіңгі деректемеңізді немесе төменгі деректемеңізді жасап, жаңа үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені жиынтыққа сақтауыңызға болады.

Бірдей үстіңгі деректеме мен төменгі деректемені құжат арқылы енгізу

  1. Кірістіру қойындысыныңҮстіңгі деректеме & Төменгі деректеме тобында Үстіңгі деректеме немесе Төменгі деректеме түймешігін нұқыңыз.

    Word таспа суреті

  2. Қажетті үстіңгі деректеме немесе төменгі жасақтамасын басыңыз.
  3. Үстіңгі деректеме төменгі деректеме құжаттың әрбір бетіне енгізіледі.

     Ескерім   Қажет болса, мәтінді таңдау арқылы және Кіші құралдар тақтасындағы параметрлерді пішімдеу арқылы үстіңгі деректемедегі немесе төменгі деректемедегі мәтінді пішімдеуіңізге болады.

Үстіңгі деректемеге немесе төменгі деректемеге мәтін немесе сызба енгізу және оны жиынтыққа сақтау

  1. Кірістіру қойындысыныңҮстіңгі деректеме & Төменгі деректеме тобында Үстіңгі деректеме немесе Төменгі деректеме түймешігін нұқыңыз.

    Word таспа суреті

  2. Үстіңгі деректемені өңдеу немесе Төменгі деректемені өңдеу түймешігін басыңыз.
  3. Мәтінді немесе сызбаны енгізіңіз.
  4. Жасалған үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені үстіңгі деректеме немесе төменгі деректеме параметрлерінің жиынтығына сақтау үшін үстіңгі деректемедегі немесе төменгі деректемедегі мәтінді немесе сызбаны таңдаңыз, содан кейін Таңдауды жаңа үстіңгі деректеме түрінде сақтау немесе Таңдауды жаңа төменгі деректеме түрінде сақтау параметрін таңдаңыз.

Үстіңгі деректемелерді немесе төменгі деректемелерді өзгерту

  1. Кірістіру қойындысыныңҮстіңгі деректеме & Төменгі деректеме тобында Үстіңгі деректеме немесе Төменгі деректеме түймешігін нұқыңыз.

    Word таспа суреті

  2. Жиынтықтағы үстіңгі деректеме немесе төменгі деректеме жасақтамасын басыңыз.

    Үстіңгі деректеме немесе төменгі деректеме жасақтамасы тұтас құжат үшін өзгереді.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Бірінші беттегі үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені жою

  1. Бет орналасуықойындысының, Бет өлшемдері тілқатысу терезесін іске қосушы түймешігін нұқып, одан кейін Орналасу қойындысын нұқыңыз.
  2. Үстіңгі және төменгі деректеме астындағы Басқа бірінші бет параметріне құсбелгіні қойыңыз.

    Үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелер құжаттың бірінші бетінен жойылады.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Тақ және жұп беттерінің үстіңгі және төменгі деректемелерін әр түрлі қылу

Мысалы, құжат атауын тақ беттерге, және бөлім атауын жұп беттерге орналастырғыңыз келеді.

  1. Бет орналасуықойындысының, Бет өлшемдері тілқатысу терезесін іске қосушы түймешігін нұқып, одан кейін Орналасу қойындысын нұқыңыз.
  2. Басқа тақ сан және жұп сан параметріне құсбелгіні қойыңыз.

    Үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені жұп беттегі жұп беттерге және үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені тақ беттегі тақ беттерге енгізуіңізге болады.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Үстіңгі деректеме немесе төменгі деректеме мазмұнын өзгерту

  1. Кірістіру қойындысыныңҮстіңгі деректеме & Төменгі деректеме тобында Үстіңгі деректеме немесе Төменгі деректеме түймешігін нұқыңыз.

    Word таспа суреті

  2. Үстіңгі деректемеге немесе төменгі деректемеге мәтін таңдау және оны тексеру арқылы немесе мәтінді пішімдеу үшін кіші құралдар тақтасындағы параметрлерді пайдалану арқылы өзгертулер енгізіңіз. Мысалы, қаріпті өзгертуіңізге, қалың пішімді қолдануыңызға немесе басқа қаріп түсін қолдануыңызға болады.
  3.  Кеңес   Басып шығару көрінісінде (Басып шығаруды орналастыру көрінісі: Басып шығарғаныңызда, пайда болатын құжаттың немесе басқа нысанның көрінісі. Мысалы, үстіңгі дерек атаулары, бағандар мен мәтін жолақтары нақты сияқты элементтер өздерінің орындарында пайда болады.) үстіңгі деректеменің немесе төменгі деректеменің және құжат мәтінінің біреуін жылдам қосуыңызға болады. Күңгірт үстіңгі деректемені не төменгі деректемені немесе күңгірт құжат мәтінін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Үстіңгі деректемелерді немесе төменгі деректемелерді жою

  1. Құжаттың кез келген жерін нұқыңыз.
  2. Кірістіру қойындысыныңҮстіңгі деректеме & Төменгі деректеме тобында Үстіңгі деректеме немесе Төменгі деректеме түймешігін нұқыңыз.

    Word таспа суреті

  3. Үстіңгі деректемені жою немесе Төменгі деректемені жою әмірін таңдаңыз.

    Үстіңгі деректеме немесе төменгі деректемелер тұтас құжаттан жойылады.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Бірнеше бөлімдері бар құжатта үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелермен жұмыс істеу

Бөлімдері (бөлім: Өзінде нақты пішімдеу параметрлерін орнатқан құжат бөлігі. Сіз жолдардың нөмірленуі, бағандар немесе үстіңгі немесе төменгі дерекатаулар саны сияқты параметрлерді өзгерткіңіз келгенде, жаңа бөлім жасайсыз.) бар құжатта әр бөлім үшін әр түрлі үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелерді енгізуіңізге, өзгертуіңізге және жоюыңызға болады. Немесе барлық бөлімдер үшін бірдей үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені пайдалануыңызға болады. Егер құжатыңыздың бөлімдері барына сенімсіз болсаңыз. күй тақтасындағы Жоба түймешігін басыңыз. Басты қойындысының Табу тобында Өту түймешігін басыңыз. Бөлім түймешігін басыңыз, содан кейін құжаттағы бөлім үзілімін табу үшін Келесі түймешігін басыңыз.

Бөлім үзілімдерін жасау үшін құжаттағы бөлімді орналастырғыңыз келген орынды нұқыңыз. Бет орналасуы қойындысының Бет өлшемдері тобында Үзілімдер түймешігін нұқыңыз.

Құжаттың бір бөлігі үшін басқа үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені жасау

  1. Басқа үстіңгі деректемесін немесе төменгі деректемесін жасағыңыз келген бөлімнің ішін нұқыңыз.
  2. Кірістіру қойындысыныңҮстіңгі деректеме & Төменгі деректеме тобында Үстіңгі деректеме немесе Төменгі деректеме түймешігін нұқыңыз.

    Word таспа суреті

  3. Үстіңгі деректемені өңдеу немесе Төменгі деректемені өңдеу түймешігін басыңыз.
  4. Үстіңгі деректеме мен төменгі деректеме қойындысының Шарлау тобындағы жаңа бөлім мен алдыңғы бөлімдегі үстіңгі деректеме мен төменгі деректемеге қосылуды үзу үшін Алдыңғысына сілтеме жасауТүймешік суреті түймешігін басыңыз.

    Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы үстіңгі деректеменің немесе төменгі деректеменің жоғарғы оң жақ бұрышындаАлдыңғысымен бірдей параметрін бейнелемейді.

  5. Бар үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені өзгертіңіз немесе осы бөлім үшін жаңа үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені жасаңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Әрбір құжат бөліміндегі бірдей үстіңгі деректемелер мен төменгі деректемелерді пайдалану

  1. Алдыңғы бөлімдегі үстіңгі деректемемен немесе төменгі деректемемен бірдей етіп жасағыңыз келген үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені екі рет басыңыз.
  2. Үстіңгі және төменгі деректеме қойындысының Шарлау тобында өзгерткіңіз келген үстіңгі деректемеге немесе төменгі деректемеге жылжу үшін АлдыңғыТүймешік суреті немесе КелесіТүймешік суреті түймешігін басыңыз.
  3. Ағымдағы бөлімдегі үстіңгі деректеме мен төменгі деректемені алдыңғы бөлімдегілерге қайта қосу үшін Алдыңғыға сілтеме жасауТүймешік суреті түймешігін басыңыз.
  4. Office Word 2007 үстіңгі деректеме мен төменгі деректемені жойғыңыз және алдыңғы бөлімдегі үстіңгі деректеме мен төменгі деректемеге қосылғыңыз келетін-келмейтінін сұрайды. Иә түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Тақ және жұп беттерінің үстіңгі және төменгі деректемелерін әр түрлі қылу

Мысалы, құжат атауын тақ беттерге, және бөлім атауын жұп беттерге орналастырғыңыз келеді.

  1. Кірістіру қойындысыныңҮстіңгі деректеме & Төменгі деректеме тобында Үстіңгі деректеме немесе Төменгі деректеме түймешігін нұқыңыз.

    Word таспа суреті

  2. Үстіңгі деректемені өңдеу немесе Төменгі деректемені өңдеу түймешігін басыңыз.
  3. Үстіңгі және төменгі деректеме қойындысының Параметрлер тобында Басқа тақ сан мен жұп сан параметріне құсбелгіні қойыңыз.
  4. Қажет болған жағдайда, Шарлау тобында тақ немесе жұп үстіңгі деректеме немесе төменгі деректеме аумақтарына жылжыту үшін АлдыңғыТүймешік суреті немесе КелесіТүймешік суреті түймешігін басыңыз.
  5. Тақ бетті үстіңгі деректеме немесе Тақ бетті төменгі деректеме аумағындағы тақ санды беттер үшін үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені жасаңыз. Жұп бетті үстіңгі деректеме немесе Жұп бетті төменгі деректеме аумағындағы жұп санды беттер үшін үстіңгі деректемені немесе төменгі деректемені жасаңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы