Бет 1/11АЛДЫҢҒЫКЕЛЕСІ

Word 2010: бірінші құжатты жасау I

Word құжаты Word бағдарламасында бірінші құжатты жасау әдісін үйреніңіз: беттің кез келген жеріне мәтін енгізу, емле қателерін түзету, тізім жасау, беттің шеттерін өзгерту, кейбір сөздерді ерекшелеу, мәнерді тез қосу және жұмысты сақтау.


Осы курс туралы

Бұл курс құрамында:

  • Өз бетімен оқу.
  • Бір бөлімді тәжірибе сабағы. Жаттығуды орындау үшін орнатылған Word 2010 бағдарламасы қажет.
  • Сабақтың соңында қысқа тест; тест бағаланбайды.
  • Курстың соңында басып шығаруға болатын қысқаша анықтамалық.

Мақсаттар

Осы курсты аяқтағаннан кейін сіз:

  • жаңа құжатты жасау және сақтау;
  • терген кезде емлені және грамматиканы түзету;
  • мәтінге пішімдеу қосу;
  • беттің шеттерін өзгерту.

Бастамас бұрын

Бұл курс Microsoft Word 2010 бағдарламасының 2-бета нұсқасы үшін жасалған және пікірлеріңізге негізделіп түзетіледі. Курсты өтуді аяқтағанда, Кері байланыс бетін пайдаланып (курс мазмұнынан қол жетімді), не ойлайтыныңызды білдіріңіз.

Ескерім: жаттығуларды орындау — бұл курстың маңызды бөлігі, себебі жаттығуларда жаңа ақпарат пен мысалдар болады.

Бет 1/11АЛДЫҢҒЫКЕЛЕСІ