Төмендегі ақпарат Microsoft Office 2010 бағдарламаларын белсендіруге көмектесу үшін берілген. Ақаулықты жою туралы ақпаратты алу үшін, Microsoft анықтамасы және қолдау орталығы торабына кіріңіз.
Егер осы компьютер жұмыста немесе ұйымның бір бөлігі ретінде қолданылып жатса, Microsoft Office 2010 бумасының қауымдық шығарылымы қолданылып жатқан болуы мүмкін. Қауымдық лицензияны пайдаланып белсендіру туралы қосымша ақпаратты Office бағдарламасының қауымдық шығарылымдарын қосу 2010 бөлімін қараңыз.
Бұл мақалада:
Office 2010 бағдарламаларын қалай белсендіремін?
Office бағдарламасын орнатқаннан кейін алғашқы рет іске қосқанда, орнату кезінде орындалмаса, өнім кілтін енгізуге нұсқау беріледі.
Интернет немесе телефон арқылы белсендіру
Жарамды өнім кілтін енгізгенде белсендіру шебері автоматты түрде қосылады және белсендірудің екі жолын береді:
- Интернет арқылы белсендіру. Белсендіру шебері автоматты түрде Microsoft лицензиялау серверлеріне Интернет қосылымы арқылы байланысады. Егер рұқсат етілген орнатым саны үшін бұрын пайдаланылмаған жарамды өнім кілтін пайдалансаңыз, өнім дереу белсендіріледі.
Интернет арқылы белсендіргенде, өнім артикулы (орнату өнім кілтінен алынады) Microsoft корпорациясына жіберіледі. Өнімді белсендіру үшін компьютерге кері жауап (растау идентификаторы) жіберіледі. Егер өнімді Интернет арқылы белсендіруді таңдап, әлі қосылмаған болсаңыз, шебер қосылымның жоқтығын ескертеді.
- Телефон арқылы белсендіру. Белсендіру орталығына қоңырау шалып, тұтынушы қызметі өкілінің көмегімен өнімді белсендіруге болады.
Маңызды Белсендіру орталығының нөмірлері көп болғандықтан, бұл мақалада берілмеген, сізге қажетті телефон нөмірі бірнеше факторларға байланысты. Microsoft бағдарламасы әртүрлі лицензияларға, оның ішінде жеке бөлшек сауда лицензиялары, бастапқы жабдық өндірушісінің (OEM) лицензиялары және қауымдық лицензияларына сәйкес сатып алынады. Телефон нөмірлері өнім лицензиясы мен мемлекетке/аймаққа байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Белсендіру шеберінің 2-қадамында берілген телефон нөмірін Microsoft белсендіру орталығына қоңырау шалу үшін пайдаланыңыз.
Телефон арқылы белсендіру Интернет арқылы белсендіруге қарағанда ұзақтау болуы мүмкін. Қоңырау шалғанда, компьютердің жанында болып, бағдарламалық жасақтаманың өнім кілті қол жетімді болуы керек.
- Белсендіру шеберінде тұратын және өнімді пайдалануды жоспарлаған мемлекетті/аймақты таңдаңыз.
Шебер бір немесе бірнеше телефон нөмірлерін береді.
- Белсендіру орталығына қоңырау шалыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету өкілі орнатым идентификаторын (экранда көрсетілген) және басқа қатысты ақпаратты сұрайды. Орнатым идентификаторы тексерілгеннен кейін, растау идентификаторын аласыз.
- Белсендіру шеберінде, растау идентификаторын экранның төменгі жағындағы бос орынға теріп, ENTER пернесін басыңыз.
Ескерімдер
- Телефон арқылы белсендіру сынап көру және жазылу нұсқалары үшін қол жетімді емес.
- Microsoft Text Telephone (TT/TTY) қызметтері саңырау немесе есту қабілеттері әлсіз адамдарға арналған. Америка Құрама Штаттарында TT/TTY модемін қолданып, (800) 718-1599 нөмірін теріңіз. Америка Құрама Штаттардан тыс жерде TT/TTY модемін қолданып, (716) 871-6859 нөмірін теріңіз. TT/TTY қызметі тек ағылшын тілінде қол жетімді.
Беттің жоғарғы жағы
Кейін қалай белсендіремін?
Бағдарламалық жасақтаманың көшірмесін орнатқанда белсендіруді қаламасаңыз, оны кейін белсендіре аласыз.
Егер белсендіру барысында ақаулық туындаса, шеберде берілген телефон нөмірі арқылы тұтынушыға қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Ескерім Телефон арқылы қолдау көрсету сынап көру және жазылу нұсқалары үшін қол жетімді емес, сондықтан шебер осы нұсқалар үшін телефон нөмірін бермейді.
- Файл қойындысын нұқыңыз.
- Анықтамақойындысын басып, одан кейін Өнім кілтін белсендіру түймешігін басыңыз.
- Белсендіру шеберіндегі нұсқауларды орындаңыз.
- Шебер аяқталған кезде, Office бағдарламасынан шығып, оны қайта қосыңыз.
Ескерім Office бағдарламасынан шығып, оны қайта қоспастан бұрын, Өнім кілтін белсендіру түймешігін қайта бассаңыз, Бұл өнім бұрын белсендірілген. хабарламасы көрсетіледі.
- Кездескен кез келген Өнім кілтін белсендіру түймешігі үшін 1-4 қадамдарды қайталаңыз.
Беттің жоғарғы жағы
Бағдарламалық жасақтаманың белсендірілгенін қалай білемін?
- Файл қойындысын нұқыңыз.
- Анықтама түймешігін басыңыз.
- Өнім кілтін белсендіру түймешігі көрсетілмесе, бұл бағдарламалық жасақтаманың бұрын белсендірілгенін білдіреді.
- Егер Өнім кілтін белсендіру түймешігі көрсетілсе, бұл бағдарламалық жасақтаманың бұрын белсендірілмегенін білдіреді. «Кейін қалай белсендіремін?» бөліміндегі нұсқаулықтарды орындауыңыз қажет.
Беттің жоғарғы жағы
Сынап көруге арналаған нұсқасы деген не?
Сынап көруге арналаған нұсқасы Office 2010 дестесін шектеулі уақытта, әдетте 30 немесе 60 күнде бағалауға мүмкіндік береді.
Ескерім Кейбір сынап көруге арналаған нұсқалары толық өнімге түрлендірілмейді. Ондай кездерде сынап көруге арналаған нұсқасын жойып, толық өнімді бөлек орнату керек.
Беттің жоғарғы жағы
Түрлендіру нені білдіреді?
Түрлендіру сынап көруге арналаған нұсқасын бағалауды аяқтағанды және толық өнімді сатып алу шешімін қабылдағанды білдіреді. Бұрыннан бар немесе Интернеттен сатып алатын өнім кілтін енгізуге нұсқау аласыз.
Беттің жоғарғы жағы
Белсендіру, жеңілдік мерзімі және шектеулі мүмкіндіктер дегеніміз не?
Өнімнің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды жалғастыру үшін, өнімді белсендіру керек. Microsoft өнімін белсендіру — бағдарламалық жасақтаманың заңды түрде лицензияланғанын тексеретін Microsoft қарақшылыққа қарсы технологиясы.
Белсендіру. Бұл процесс өнімді орнату үшін енгізілетін өнім кілтінің бағдарлама лицензиясымен рұқсат етілген компьютерлерде пайдаланылатынын тексереді.
Жеңілдік мерзімі. Жарамды өнім кілтін енгізбес бұрын, бағдарламалық жасақтаманы жеңілдік мерзімі болып табылатын 30 күнге дейін қоса аласыз. Жеңілдік мерзімінде сатып алынған өнімге қосылмаған кейбір мүмкіндіктер немесе бағдарламалар қол жетімді болуы мүмкін. Жарамды өнім кілтін енгізгеннен кейін, тек сатып алынған бағдарламалар мен мүмкіндіктерді көресіз.
Шектеулі жеңілдік режимі. Жеңілдік мерзімінен кейін, жарамды өнім кілтін енгізбесеңіз, бағдарламалық жасақтама шектелген мүмкіндіктер режиміне өтеді. Шектелген мүмкіндіктер режимінде бағдарламалық жасақтама қарап шығу құралы сияқты әрекет етеді. Құжаттарға өзгертулерді сақтай не жаңа құжаттарды жасай алмайсыз, ал мүмкіндіктер шектелуі мүмкін. Бар файлдарға не құжаттарға шектелген мүмкіндіктер режимінде зиян тимейді. Өнім кілтін енгізіп, бағдарламалық жасақтаманы белсендіргеннен кейін, сатып алынған бағдарламалар мен мүмкіндіктерді толық пайдалана аласыз.
Беттің жоғарғы жағы
Осы компьютерді жұмыста немесе ұйымның бір бөлігі ретінде пайдаланса не болады?
Егер осы компьютер жұмыста немесе ұйымның бір бөлігі ретінде қолданылып жатса, Microsoft Office 2010 дестесінің қауымдық шығарылымы қолданылып жатқан болуы мүмкін. Қауымдық лицензияны пайдаланып белсендіру туралы қосымша ақпаратты Microsoft Office дестесінің қауымдық шығарылымдарын белсендіру бөлімінен қараңыз.
Беттің жоғарғы жағы
Office Starter 2010 бағдарламасын пайдаланса не болады?
Microsoft Office Starter 2010 бағдарламасын пайдаланып жатсаңыз, бағдарламалық жасақтама компьютерге алдын ала орнатылған болғаны. Office Starter 2010 бағдарламасы белсендірілген, яғни ешқандай өнім кілтін енгізудің қажеті жоқ.
Беттің жоғарғы жағы