Office 2010 жүйесінің мүмкіндіктері мен пайдалары

Microsoft Office 2010 жүйесі кеңседе, үйде немесе мектепте ең жақсы жұмыс істеудің икемді және қуатты жаңа әдістерін ұсынады.

Идеяларды жасампаз жолмен жазуға көмектесетін құралдардың көмегімен ерекше есептерді және көрмелерді жасаңыз. Office файлдарына веб-шолғыш немесе Windows жүйесі бар телефон арқылы қатынастың көмегімен компьютердің жанында болмасаңыз да, жобалармен байланысты болыңыз.1Бір уақытта, тіпті географиялық және уақыт белдеулерінің арасында файлдарды ортақ пайдалану, өңдеу және сараптау арқылы басқалармен тиімді жұмыс істеңіз.

Office 2010 жүйесінің көмегімен кез келген уақытта және кез келген жерде істерді аяқтап және тамаша нәтижелерге жетіп, бақылау жасайсыз.

Идеяларды білдіру және көрнекі әсерді жасау

Жақсартылған сурет және ақпарат тасушыны өңдеу мүмкіндіктерінің көмегімен жұмысқа шығармашылықты қосу және идеяларды ерекше ету оңай. Әріптестерге немесе сыныптастарға көрме көрсеткенде, компания жинақшасын немесе жеке шақыруды жасағанда, Office 2010 жүйесі өзіңіздің сызбалық дизайнеріңіз болуға мүмкіндік береді.

  • Суреттерді тура таңдалған Office 2010 бағдарламаларында өңдеңіз. Назар аударатын әсерлерді және суретті жалтыратудың жаңа өңді жою құралын пайдаланып көріңіз.

Office 2010: суретті өңдеу

  • Word 2010 және Publisher 2010 бағдарламаларындағы жаңа OpenType® безендіруінің көмегімен мәтінге ерекшелік қосыңыз. Көп OpenType қаріптеріндегі қол жетімді лигатураларды, мәнерлер жиындарын және басқа безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
  • Қосымша бағдарламасызтура PowerPoint 2010 бағдарламасында ендірілген бейнені өңдеңіз. Анимацияларды жасау үшін бейнені жиектеңіз, мөлдірлік және әсерлер қосыңыз немесе тіпті бетбелгілер қосыңыз.

Оңай пайдаланылатын құралдардың көмегімен өнімділікті арттырыңыз

Office 2010 жүйесіндегі жұмысты интуитивті түрде аяқтауға көмектеседі, сонда тапсырмаға көбірек көңіл бөліп, ең жақсы нәтижелерге жетуге болады.

  • Office 2010 жүйесі мүмкіндіктерді табу және пайдалану әдісін жеңілдетеді. Жаңа Microsoft Office Backstage™ көрінісідәстүрлі «Файл» мәзірін алмастырады және сақтау, ортақ пайдалану, басып шығару және жариялау сияқты әрекеттерге орталықтандырылған және оңай кіру рұқсатын ұсынады. Жақсартылған таспаның көмегімен көбірек пәрмендерге тезірек қатынаса аласыз және оны жұмыс мәнеріне сай болатындай теңшеуге болады.
  • Қоюдан бұрын қою параметрлерін алдын ала қарау үшін, көп жаңа Office 2010 бағдарламаларында бар динамикалық алдын ала қарау мүмкіндігі бар жаңа қоюды пайдаланыңыз.

Office 2010: қойылған элементті тікелей сараптау

  • OneNote 2010 бағдарламасының көмегімен бір жерде ақпаратты ұйымдастырыңыз және бақылаңыз, сөйтіп барлық ойларыңызбен және идеяларыңызбен байланыста болыңыз. Жақсартылған шарлау, іздеу құралдары, жаңа бет нұсқалары және вики-сілтемелер ресурстарды тез табуға және бақылауға көмектеседі. Тіпті Word 2010, PowerPoint 2010 немесе Internet Explorer бағдарламаларында жұмыс істеп жатқанда жазбалар жазуға және бұл жазбаларды автоматты түрдекөз мазмұнға байланыстыруға болады.
  • Word 2010 бағдарламасындағы жақсартылған шарлау аумағының көмегімен қажетті нәрсені тезірек табыңыз. Тақырыптар көмегімен тез шолыңыз немесе құжатты лезде іздеп, барлық нәтижелерді бөлектеу үшін біріктірілген табу құралдарынпайдаланыңыз.

Office 2010: шарлау аумағы

Ақпаратқа жаңа түсініктер қосып, ең жақсы шешімдер қабылдаңыз.

Бизнес қаржыларынан жанұя бюджеттеріне дейін, Office 2010 жүйесі деректерді басқаруды, талдауды және оны мағыналы түрде көрсетуді оңайлатады.

  • Excel 2010 бағдарламасындағы аздаған құралдармен күрделі жұмысты жеңілдетуге болады. Sparkline қисық сызықтары деп аталатын шағын диаграммалар арқылы талдауға мәндермен бірге көрнекі жиынтық қосыңыз. Жиынтық кестедегі немесе жиынтық диаграммадағы деректерді қарқынды түрде сүзгілеу үшін, шектегішті пайдаланып, сәйкес мәліметтерді ғана көрсетіңіз.

Office 2010: Sparklines қисық сызықтары мен шектегіштер

  • Access 2010 бағдарламасында дерекқор маманы болмасаңыз да, жеке дерекқорды тезірек жасаңыз. Бағдарлама бөліктері сияқты жаңа мүмкіндіктердің көмегімен, бірнеше нұқумен дерекқорға алдын ала құрастырылған құрамдастарды қосуға болады. Жиі пайдаланылатын пішіндер және есептерге шарлау пішіндерін құрастыру үшін, Access 2010 бағдарламасындағы апарып тастау мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Орын және байланыс кедергілерін бұзу

Office 2010 жүйесі адамдарды байланыстырудың инновациялық және икемді жолдарын ұсынады. Жаңа технологиялар және жақсартылған мүмкіндіктер файлдарды ортақ пайдалануға және байланыста болуға көмектеседі.

  • Office 2010 жүйесіндегі жаңабірлесіп жасау мүмкіндіктерінің көмегімен файлдарды бір уақытта әр түрлі орындардағы адамдармен бірге өңдеуге болады. Бірлесіп жасау — Word 2010, PowerPoint 2010, OneNote 2010, Excel Web App және OneNote Web App бағдарламаларында бар.2

Office 2010: бірлескен авторлық

  • PowerPoint 2010 бағдарламасындағы жаңа кең таратылатын слайд көрсетілімі мүмкіндігі нақты уақыттағы көрмені Интернетте лезде таратуға мүмкіндік береді. Қашықтағы аудитория PowerPoint бағдарламасын орнатпаған болса да, көрсетілімді жоғары дұрыстықпен көре алады.
  • Outlook 2010 бағдарламасында шамадан тыс көп ақпаратты азайтып, электрондық поштаны тиімдірек басқарыңыз. Жақсартылған сөйлесу көрінісі және жаңа сөйлесуді басқару құралдары қажет емес хабарларды тазалауға немесе электрондық пошта талқылауын елемеуге мүмкіндік береді. Елемеу мүмкіндігі ағымдағы және барлық болашақ хабарларды «Жойылған элементтер» қалтасына жылжытады. Жаңа жылдам қадамдар көмегімен жауап беру және жою сияқты бірнеше қадамдық тапсырмаларды бір нұқумен орындауға болады.

Office 2010: сөйлесу көрінісі

  • Бірнеше Office 2010 бағдарламаларымен біріктірілген Microsoft Lync бағдарламасының көмегімен Word бағдарламасында құжатты бірлесіп жасағанда немесе Outlook бағдарламасында электрондық пошта хабарларын көргенде әріптестердің қол жетімділігін анықтауға болады. Сөйлесулерді, соның ішінде лездік хабарлармен алмасуды және тіпті дауыстық қоңырауларды тікелей бағдарламадан бастаңыз.3

Қажетті ақпаратты қалаған уақытта, жерде және әдіспен алыңыз

Веб-шолғыш, компьютер немесе смартфон арқылы кез келген жерден Office құжаттарына және жазбаларына қатынасты беретін Office 2010 жүйесі жолда өнімді болуды оңайлатады.

  • Office Web Apps бумасы — Microsoft Office 2010 бағдарламаларының желідегі қосымшалары. Файлдарды SharePoint торабына немесе Windows Live SkyDrive қалтасына жіберіп, одан кейін оларды Интернет қосылымы бар кез келген компьютерден қатынасып, өңдеңіз.4

Ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде және кез келген жолмен алыңыз

  • Microsoft Office Mobile жүйесі қуатты және таныс, сіз сенетін Microsoft Office құралдарын Windows Phone 7 құрылғыларына қосады. 5 Ұялы құрылғы экранына арналған интерфейсті пайдаланып, жолда болғанда әрекеттерді оңай орындаңыз.
  • SharePoint Workspace 2010 бағдарламасы, бұрын Microsoft Office Groove ретінде белгілі болған, SharePoint 2010 мазмұнының шектерін кеңейтеді. Дербес күйде құжаттарды және тізімдерді оңай жаңартыңыз. Қайтадан желіде болғанда, түзетулер сервермен автоматты түрде үндестіріледі.

Жеке немесе бизнес жобаларында жұмыс істегенде немесе достармен я болмаса топтармен бірлесіп жұмыс істегенде, Office 2010 жүйесі қажетті нәрсені тезірек, көбірек икемділікпен және жақсырақ нәтижелермен істеуді оңайлатады.

1 Интернетте және смартфоннан кіру тиісті құрылғыны қажет етеді және кейбір мүмкіндіктер Интернет қосылымын қажет етеді. Веб мүмкіндіктер Office Web Apps бағдарламасын пайдаланады, ал ол қолдау көрсетілетін Internet Explorer, Firefox немесе Safari шолғышын және SharePoint Foundation 2010 немесе Windows Live ID тіркелгісін қажет етеді. Кейбір ұялы мүмкіндіктер Office 2010 бағдарламаларына, дестелеріне немесе Office Web Apps бумасына кірмейтін Office Mobile жүйесін қажет етеді. Office Web Apps бумасының, Office Mobile және Office 2010 бағдарламаларының мүмкіндіктерінің арасында біраз айырмашылықтар бар.

2 Бірлесіп авторлық мүмкіндіктері Microsoft SharePoint Foundation 2010 бағдарламасын немесе тегін Windows Live тіркелгісін қажет етеді.

3 Лездік хабар алмасу және қол жетімділік мыналардың бірін қажет етеді: Microsoft Lync 2010 бар Microsoft Lync Server 2010; Windows Live Messenger немесе IMessenger қолдайтын басқа лездік хабар алмасу бағдарламасы. Дауыстық қоңыраулар Microsoft Lync 2010 бағдарламасы бар Microsoft Lync Server 2010 бағдарламасын немесе IMessengerAdvanced мүмкіндігін қолдайтын лездік хабар алмасу бағдарламасын қажет етеді.

4 Office Web Apps бумасына Word Web App, Excel Web App, PowerPoint Web App, OneNote Web App кіреді және SharePoint Foundation 2010 (бизнеске арналған) немесе тегін Windows Live тіркелгісін (жеке пайдалануға арналған) қажет етеді.

5 Тиісті құрылғы қажет. Office Mobile жүйесіне Word, Excel, PowerPoint, OneNote және SharePoint Workspace бағдарламалары кіреді. Кейбір ұялы мүмкіндіктер Интернет қосылымын қажет етеді. Outlook Mobile бағдарламасы Windows Phones 7 құрылғыларына алдын ала орнатылған болады.