Бұл бөлімде
Жақсы ұйымдастырудың жаңа жолы
2007 Microsoft Office жүйесі Сіз бен сіздің адамдарыңыздың іс жүргізу жолын жеңілдететін жұмыс үстелі мен серверлік бағдарламаның толық жиыны болып табылады. Ең соңғы шығарылым жеке өнімділікті арттырып, адамдардың бірге жұмыс істеуін жеңілдететін, кәсіпорынды мазмұнды басқаруды жеңілдететін және ұйымыңыздағы іскери ақыл-ой сапасын жақсартатын едәуір жаңа мүмкіндіктерді ұсынады.
2007 Microsoft Office жүйесімен төмендегілерді жүзеге асыруыңызға болады:
- Жеке өнімділікті арттырып, іс нәтижелеріне адам әсерін көбейту.
- Уақытқа немесе орынға қарамастан бірлесіп жұмыс істеуді жеңілдету.
- Күнделікті іскери үрдістер мен кәсіпорынның мазмұндық басқаруын жеңілдету.
- Сіздің ұйымыңыздағы іскери ақыл-ойдың сапасын арттыру және жақсарту.
Беттің жоғарғы жағы
Жеке өнімділікті арттырып, іс нәтижелеріне адам әсерін көбейту
Кедергілі компьютер жұмыс үстелдері, бірнеше тапсырмалар және уақытыңыздағы қайшы талаптар сіз бен сіздің адамдарыңыздың тиімді жұмыс істеуін қиындатады. Сондай-ақ, адам өнімділігіне кедергі келгенде, іскери жұмыс тиімділігіне де кедергі келеді. 2007 Microsoft Office жүйесі жұмыс кеңістіктерін жеңілдетіп, адам өнімділігін жақсарту үшін инновациялық мүмкіндіктердің кең жиынын ұсынады және бір уақытта іскери нәтижелерді арттырады. Бұл мүмкіндіктер төмендегілерді қамтиды:
- Интуициялы Microsoft Office Fluent пайдаланушылық тілдесуі арнайы сценарийлер немесе нысандар айналасындағы пәрмендерді ұйымдастыратын қойындылы Таспа, қажетті нәтижелерді алуға және таңдауға мүмкіндік беретін Жиынтықтар және енгізілердің алдында пішімдеудің немесе өңдеудің қалай өзгеретінін көруге пайдаланылатын Шынайы алдын ала қарау мүмкіндігі сияқты мүмкіндіктер арқылы тапсырмаларға қатынауды жылдамдатады.
- Қуатты, кәсіби құжаттарды толық сызбалар жинағымен және SmartArt сызбаларындағы шығармашылық әсерлермен жылдам әрі оңай жасаңыз. Microsoft Office Word 2007, Office Excel 2007 және Office PowerPoint 2007 нұсқаларындағы Құжат инспекторы мүмкіндігі құжаттан қажетсіз аңғартпаларды, жеке анықталатын ақпаратты, жасырын мәтінді және басқа ақпаратты табуға және жоюға көмектеседі.
- Office Outlook 2007 нұсқасында уақытыңыз бен тапсырмаларыңыздың басымдықтарын беріңіз. Жаңа Іс тізімі күнделікті басымдықтардың бекітілген көрінісін, оның ішінде Office OneNote 2007, Office Project 2007 және Windows SharePoint Services веб-тораптарындағы орындауға белгіленген электрондық пошта хабарларын, келешектегі кездесулерді, тапсырмаларды жасайды.
- Office Outlook 2007 нұсқасы, оның ішінде тіркемелер арқылы кілтсөзбен іздеуге мүмкіндік беретін Жылдам іздеу арқылы ақпаратты жылдам табыңыз. Сондай-ақ, мерзім, кімнен, Түс санаттары, пошта маңыздылығы және т.б. сияқты шарттарға сұрау салуыңызға болады. Office OneNote 2007 нұсқасындағы оптикалық таңбаларды тану суреттерден қолмен жазылған жазбаларды, мәтіндерді немесе дыбыс және бейне жазбалардағы ауызша сөздерді іздеуіңізге мүмкіндік береді.
Беттің жоғарғы жағы
Уақытқа немесе орынға қарамастан бірлесіп жұмыс істеуді жеңілдету
Қазіргі таңдағы ұйымдар қашықтықтағы жұмысшылармен, ғарыштағы кеңселермен, халықаралық серіктестер және тұтынушылармен байланысудың, бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жолдарын қажет етеді. Ауани көрмелер, жиналыстар мен бірлескен сеанстар қашықтағы адамдардың байланысуына мүмкіндік береді, бірақ қазірге дейін бұл байланыс режимдері бетпе-бет кездесулерге жетпейді. 2007 Microsoft Office жүйесіндегі нақты бірлескен жұмыс мүмкіндіктерімен сіздің адамдарыңыз және командаларыңыз географиялық шекаралар мен уақыт аумақтарында бірге оңай әрі тиімді жұмыс істей алады.
2007 Microsoft Office жүйесімен төмендегілерді жүзеге асыруыңызға болады:
- Microsoft Office SharePoint Server 2007 нұсқасындағы Менің торабым арқылы мүдделері бір әріптестерді анықтау. Әлеуметтік желіге қосылу веб-бөліктері тиесілі іздеу нәтижелерін беру үшін адам ұйымы, қауымдар мен электрондық байланыстар туралы ақпаратты пайдаланады.
- Бірлескен жұмыс кеңістіктерінде кез келген уақытта, барлық жерде Microsoft Office Groove 2007 нұсқасы арқылы бірге динамикалық түрде және тиімді жұмыс істеу. Office Groove 2007 нұсқасы командаңызды, құралдарыңызды, файл мен ақпаратты бір жерде сақтап, өнімділікті көтереді және топ жұмысының нәтижелерін арттырады.
- Бірге қолданылатын Office Groove 2007 және Office SharePoint Server 2007 нұсқалары топтар мен ұйымдардың бірге жұмыс істеп, ақпаратты ортақ пайдалануына көмектесу үшін біріккен іскерлесу жұмыс ортасымен қамтамасыз етеді.
- Office Project Server 2007 нұсқасы арқылы жобаларды басынан аяғына дейін тиімді басқару. Мөлдір кесте жасау, жақсы шешім қабылдау және табель құралдары басқарушылардың жоба жұмысын жоспарлауына, бақылауына және өлшеуіне көмектеседі.
- Office Excel 2007 кестелерін серверге сақтау, оларды құжатты басқару және тексеру құралдары арқылы тығыз бақылай отырып, интернетте HTML арқылы ортақ пайдалану.
- Windows SharePoint Services қызметтерінде күшейтіліп қолданылатын Вики, блогтар арқылы ортақ білімді оңай алу, мұрағаттау және қайта пайдалану. Сондай-ақ, қазір жаңа 2007 Microsoft Office жүйесі арқылы блогтардың орындарын суреттермен, толық пішімдеумен, емле тексерумен және т.б. толық жасау үшін Office Word 2007 нұсқасын пайдалануыңызға болады. Одан кейін орындарды көптеген негізгі блог қызметтеріне жылдам жариялауыңызға болады.
Беттің жоғарғы жағы
Күнделікті іскери үрдістер мен қауымдық ақпараттық мазмұнды басқаруды жеңілдету
Қолмен істелетін және артық тапсырмалар күнделікті іскери үрдістерді едәуір баяулата алады. Сол уақытта сәйкестіліктің және қауіпсіздіктің өсетін талаптарына сай келуіне ұмтылатын ұйымдар қауымдық ақпараттық мазмұнды басқарудың үлкен тапсырмаларына тап болады. Жаңа Microsoft Office жүйесі тапсырмаларды автоматтандыру арқылы үрдістерді жеңілдетуге көмектесіп, қауымдық ақпараттық мазмұнды жасауға, басқаруға және сақтауға арналған қуатты үздіксіз мүмкіндіктерді ұсынады.
- Сіз бен сіздің соңғы пайдаланушыларыңыздың қандай жұмыс үрдістерін мазмұныңызға қолдану керектігін шешуін жеңілдету үшін тыс үлгілерді қамтитын Office SharePoint Server 2007 нұсқасының сараптау және құптау үрдісінің мүмкіндігімен жұмыс үрдісіңізді автоматтандыру. Толық жұмыс үрдісінің журналы сіз бен сіздің АТ әкімшілеріңіздің өткен және келешектегі жұмыс үрдісі қадамдарын орналастыруына мүмкіндік береді.
- Топтар мен ұйымдардың ақпаратты жинауға, ортақ пайдалануға, қайта пайдалануға және басқаруға қолданылатын толық, динамикалық пішіндерді жасауға мүмкіндік беретін InfoPath Forms Services деп аталатын жаңа серверлік пішін мүмкіндіктері арқылы пішіндерге негізделген үрдістерді жеңілдету.
- Қауымдық ауқым репозиторийлері, элемент деңгейіндегі қауіпсіздік, біртұтас ақпарат құқықтарын басқаруды қорғау және құжатты өңдеуге арналған жеңілдетілген жұмыс үрдісі сияқты жаңа мүмкіндіктер арқылы құжаттарыңызды тиімді басқару. Жаңа Құжат туралы мәлімет тақтасы және Құжат әрекеті тақтасы мазмұнды басқару мүмкіндіктерін тікелей Office Word 2007 құжаттарында біріктіруіңізге мүмкіндік береді.
- Microsoft Office SharePoint Server 2007 нұсқасы арқылы ағымдағы сақтау және реттеу қажеттіліктеріне сай келетін саясаттарды мұрағаттай және тексере отырып, қауымдық ақпараттық мазмұнын сақтау арқылы қосымша бақылау жүргізу. Сондай-ақ, Office SharePoint Server 2007 нұсқасында күшейтілген мазмұн саясаттары және тексеру, жазбалар репозиторийіне тікелей кері қотару мен электрондық поштаны кеңірек сақтау және мұрағаттау параметрлері қолданылады.
Беттің жоғарғы жағы
Сіздің ұйымыңыздағы іскери түсінікті арттыру және жақсарту
Өлшеусіз дерек көздері, жұмысшыларды физикалық бөлу және ұйымдардағы жинақтар адамдардың оңтайлы шешімдер қабылдауына қажетті ақпаратты табуын қиындататын кедергілерді жиі тудырады. Жаңа Microsoft Office жүйесімен ұйымыңыздағы адамдар енді ақпаратқа жылдам әрі жеңіл қол жеткізе алады.
- Office SharePoint Server 2007 нұсқасы Office Excel 2007 жұмыс кітаптары мен Microsoft SQL Server Reporting Services есептеріндегі динамикалық өнімділікті кілт анықтауыштарын (ӨКА) біріктіретін толық іскери сараптаманың құралдар тақтасын жасауды жеңілдетеді.
- Office SharePoint Server 2007 нұсқасындағы Мазмұнды басқару сервері арқылы толық веб-мазмұнды құрастыру. Бұл жаңа функциялар барлық мазмұнға арналған толық, уақытылы жасау мүмкіндіктерін — веб немесе құжат негізінде — қолданатын біріктірілген SharePoint негізінде веб-мазмұнды жақсартуыңызға мүмкіндік береді.
- Microsoft Office Project Portfolio Server 2007 нұсқасы арқылы іскери стратегиямен сай тураланатын жобаларды анықтау, таңдау және басқару. Бұл жаңа ұсыныс бірнеше аналитикалық құралдар арқылы оқу үлгілері мен жұмыс үрдісін басқару үрдістерін құрастыруға көмектеседі.
- Office SharePoint Server 2007 нұсқасындағы Office PowerPoint 2007 слайдтар кітапханасымен слайдтарды оңай сақтау және ортақ пайдалану. Сондай-ақ, пайдаланушылар слайдтарды бар Office PowerPoint 2007 көрмелерімен жаңартып, қадамдастыра алады.
- Құжаттардан тыс қарау және әріптестер мен серіктестерде болатын ақпаратты көрсетуге және шығаруға мүмкіндік беретін Office SharePoint Server 2007 нұсқасындағы, сондай-ақ, ұйым мен іс желісіндегі жүйелер мен есептердегі SharePoint тораптарының жаңа іздеу мүмкіндіктері арқылы қажетті ақпаратты табу.
- Office Excel 2007 нұсқасындағы қуатты ақпаратты талдау құралдары сіз бен сіздің жұмысшыларыңыздың Excel деректерінен мәнді жылдам әрі ұқыпты шығаруға мүмкіндік береді. Жаңа деректерді көру мүмкіндіктері, жиынтық кесте мен жиынтық диаграмма көріністері және қауымдық деректерге өрнек ретінде қолдану іскери сараптаманы электрондық кестелермен біріктіруге көмектеседі.
Беттің жоғарғы жағы
2007 Microsoft Office жүйесінің құрамдастары
Дестелер
Microsoft Office Basic 2007 (Тек OEM өндірушісіне арналған)
Microsoft Office Home and Student 2007
Microsoft Office Standard 2007
Microsoft Office Small Business Edition 2007
Microsoft Office Professional 2007
Microsoft Office Ultimate 2007
Microsoft Office Professional Plus 2007
Microsoft Office Enterprise 2007
Бағдарламалар
Microsoft Office Access 2007
Microsoft Office Accounting Express 20071
Microsoft Office Accounting Professional 20071
Microsoft Office Communicator 2007
Microsoft Office Excel 2007
Microsoft Office Groove 2007
Microsoft Office InfoPath 2007
Microsoft Office OneNote 2007
Microsoft Office Outlook 2007
Істес кісілерді реттеушісі бар Microsoft Office Outlook 2007
Microsoft Office PowerPoint 2007
Microsoft Office Project Standard 2007
Microsoft Office Publisher 2007
Microsoft Office SharePoint Designer 2007
Microsoft Office Visio 2007
Microsoft Office Word 2007
Серверлер
Microsoft Office Forms Server 2007
Microsoft Office Groove Server 2007
Microsoft Office Project Portfolio Server 2007
Microsoft Office Project Server 2007
Microsoft Office SharePoint Server 2007
Іздеуге арналған Microsoft Office SharePoint Server 2007
Қызметтер
Microsoft Office Groove Enterprise қызметтері
Шешімдер
Microsoft Business Intelligence шешімдері
Microsoft Office Enterprise Project Management (EPM) шешімі
Технологиялар
Microsoft Windows SharePoint Services технологиясы
Қосымша Microsoft өнімдері мен технологиялары
Microsoft Windows Server 2003
Microsoft Exchange Server 2007
1 Microsoft Office Accounting 2007 нұсқасы АҚШ-та ғана қол жетімді.
Беттің жоғарғы жағы