Outlook 2010 нұсқасына ауысу

Жылдам сілтемелер кәртішкесі

Келесіні де көріңіз

Таспаны қайыру немесе жаю

  • Outlook терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы шағын Қайыру/жаю параметрін таңдаңыз.

    Таспаны қайыру-жазу түймешігі

Қалтаның ретін өзгерту

Қарапайым Күн ретінен Күн (сөйлесулер) ретіне өзгерту үшін:

  • Таспадағы Көрініс қойындысындағы Сөйлесулер тобында Сөйлесулер ретінде көрсету параметріне құсбелгісін қойыңыз.

    Қарапайым Күн ретінен қайтадан кері өзгерту үшін, Сөйлесулер ретінде көрсету құсбелгісін қайтадан алыңыз.

Не Күн ретінен, не Күн (сөйлесулер) ретінен басқа ретке өзгерту үшін:

  • Таспадағы Көрініс қойындысының Реттеу тобынан Реттеу пәрменін таңдап, қажетті ретті таңдаңыз.

Жылдам қатынау тақтасына пәрменді қосу

  • Таспадағы жылдам қатынау тақтасын қосатын пәрменді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып немесе түймешікті басып, одан кейін мәтінмәндік мәзірден Жылдам қатынау тақтасына қосу параметрін таңдаңыз.

Жылдам қатынау тақтасынан пәрменді жою

  • Жылдам қатынау тақтасында жойылатын пәрменді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірден Жылдам қатынау тақтасынан жою параметрін таңдаңыз.

Жаңа пернелер тіркесімдерін пайдалану, пернелер туралы кеңестер

  • ALT пернесін басып, одан кейін қажетті қойындыға, мәзірге немесе пәрменге сәйкес келетін пернені басыңыз.

    Пернелер туралы кеңестерді экраннан өшіру үшін, ESC пернесін басыңыз.

Электрондық пошта хабарын басып шығару

  1. Backstage көрінісінде Басып шығару қойындысына өту үшін, CTRL+P пернелер тіркесімін басыңыз.
  2. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
  3. Басып шығару пәрменін таңдаңыз.

Outlook параметрлері тілқатысу терезесін ашу

  • Backstage көрінісін ашу үшін, Файл қойындысын нұқып, одан кейін сол жақ тақтадағы Параметрлер тармағын таңдаңыз.

Хабарға жиналысқа шақыру арқылы жауап беру

  1. Жиналысқа шақыру арқылы жауап берілетін хабарды таңдап, одан кейін Өзіндік қойындысындағы Жауап беру тобынан Жиналыс тармағын таңдаңыз.
  2. Ашылатын жиналысқа шақыруға қамтылатын басқа адамдарды Кімге жолына қосыңыз.
  3. Тақырып жолына қажетті өзгертулерді енгізіңіз.
  4. Орнын, күнін, басталу және аяқталу уақыттарын қолмен көрсетіңіз немесе оларды көрсету үшін, Бөлмені іздеу аумағындағы параметрлерді пайдаланыңыз.
  5. Мәтінді сәйкесінше хабар мәтініне қосыңыз.
  6. Жіберу пәрменін таңдаңыз.

Қажетсіз хабарларды бір сөйлесуден немесе бүкіл қалтадан өшіру үшін, тазалау пәрменін пайдалану

  1. Өшірілетін сөйлесуді немесе өшірілетін бүкіл қалтадағы кез келген сөйлесуді таңдаңыз.
  2. Таспадағы Өзіндік қойындысында, Жою тобынан Тазалау пәрменін таңдап, одан кейін ашылмалы мәзірден төмендегі әрекеттердің бірін таңдаңыз:
  • Сөйлесуді тазалау.    Таңдалған сөйлесуді жою үшін.
  • Қалтаны тазалау.    Ағымдағы қалтадағы барлық сөйлесуді тазалау үшін, бірақ ағымдағы қалтаның қалталарындағыларға арналмаған.
  • Қалта мен ішкі қалталарды тазалау.    Ағымдағы қалта мен оның ішкі қалталарының барлығындағы сөйлесудің барлығын тазалау үшін.

Тазалау пәрмені өшірілетін хабарларды жіберетін жерді өзгерту

  1. Backstage көрінісін ашу үшін, Файл қойындысын нұқып, одан кейін сол жақ тақтадағы Параметрлер тармағын таңдаңыз.
  2. Outlook параметрлері тілқатысу терезесінде сол жақ тақтадағы Пошта қойындысын нұқып, Сөйлесуді тазалау бөліміне төмен қарай өтіңіз.
  3. Тазартылған элементтер мына қалтаға өтеді жолағында жаңа тағайындалатын қалтаны шолып таңдаңыз да, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

Мұндағы құсбелгілерінде Тазалау пәрменін теңшеуге арналған қосымша параметрлер беріледі.

Сөйлесудегі барлық хабарды, оның ішіндегі келешектегілерін де жою үшін, елемеу пәрменін пайдалану

  • Еленбейтін сөйлесуді таңдап, таспадағы Өзіндік қойындысында, Жою тобынан Елемеу пәрменін таңдаңыз.

Іздеу

  1. Элемент табылатын қалтаны көріп отырғанда, Іздеу өрісін таңдаңыз.

    Таңдалмаған іздеу өрісі
  2. Төмендегі әрекеттердің кез келгенін немесе екеуін де орындаңыз:
  • Іздеу өрісіне ізделетін элементтің кейбір сөзін енгізіңіз.
  • Іздеп отырған нәрсеңіз табылғанша, Іздеу қойындысындағы параметрлерді іздеу ауқымын кеңейту немесе тарылту үшін пайдаланыңыз.
  1. Іздеу аяқталғаннан кейін, Іздеу өрісінің соңында Іздеуді тоқтату параметрін таңдаңыз.

    Шақырылған «Жабу» түймешігі бар Outlook іздеу өрісі

Күнтізбеңізден алу

  1. Өзіндік қойындысы күнтізбе орналасқан, Өту тобының төменгі бұрышындағы шағын көрсеткіні басыңыз.

    Таспада шақырылған тілқатысу терезесін ашу құралу
  2. Өтетін күнді көрсету үшін, Күнге өту тілқатысу терезесіндегі параметрлерді пайдаланып, Жарайды түймешігін басыңыз.
  3. Бүгінге қайта оралу үшін, Бүгін түймешігін (сондай-ақ, Өзіндік қойындысындағы Өту тобынан) басыңыз.

Қолтаңба жасау

  1. Backstage көрінісін ашу үшін, Файл қойындысын нұқып, одан кейін сол жақ тақтадағы Параметрлер тармағын таңдаңыз.
  2. Outlook параметрлері тілқатысу терезесінің сол жақ бағанындағы Пошта тармағын таңдаңыз.
  3. Хабарлардың қолтаңбаларын жасау немесе өзгерту бөліміндегі Қолтаңбалар тармағын таңдаңыз.
  4. Қолтаңба жасау үшін, Қолтаңбалар және бланктер тілқатысу терезесіндегі параметрлерді пайдаланыңыз.

    Ескерім.    Бұл тілқатысу терезесін жаңа электрондық пошта хабарынан ашу үшін, таспадағы Өзіндік қойындысында, Іске қосу тобынан Қолтаңба , одан кейін Қолтаңбалар тармақтарын таңдаңыз.

Қосымша электрондық пошта тіркелгісін қосу

  1. Backstage көрінісін ашу үшін, Файл қойындысын нұқып, одан кейін сол жақ тақтадағы Ақпарат қойындысын нұқыңыз.
  2. Тіркелгіні қосу параметрін басып, нұсқауларды орындаңыз. .