Microsoft Office Online
Менің Office Online (Бұл не?) орталығыма кіру | Кіру

 
 
Microsoft Office OneNote
Іздеу
Іздеу
 
Жаңартулар: (c) Microsoft
Office қотармалары
 
 
 
Қолдау мен кері байланыс
Техникалық қор көздері
Қосымша қор көздері
Ескерту: Бұл бетті сіз қолданбаған шолғышпен қарап отырсыз. Бұл веб-торап Microsoft Internet Explorer 6.0 не одан жаңа, Firefox 1.5 немесе Netscape Navigator 8.0 нұсқаларымен ең жақсы көрінеді. Қолданатын шолғыштар жөнінде көбірек біліңіз.

Басқа адамдармен бірге жазбалар жасау
Келесіге қатысы бар: Microsoft Office OneNote 2007
 

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасы ынтымақтасу құралы ретінде электрондық пошта арқылы статикалық жазу кітапшасы беттерімен алмасуға қарағанда әлдеқайда көбірек мүмкіндіктерді ұсынады. Тобыңызға және жобаларыңыздың түріне байланысты OneNote бағдарламасын жиналыстарда мәселелерді бірлесе шешуде пайдаланып, жазу кітапшасы беттерін ақ тақта ретінде қолдануыңызға немесе әркім мәліметтерді көріп, қосып не өзгерте алатын ортақ жазу кітапшаларын орната аласыз.

Не істегіңіз келеді?


Ортақ жазу кітапшасын орнату

OneNote бағдарламасы бірнеше пайдаланушы бір мезгілде ортақ жазбаларға қатынай алатын және оларға қолданыстағы базаны енгізе алатын ортақ жазу кітапшаларын желілік серверде немесе ортақ файлда жинап сақтауға мүмкіндік береді. Топ болып жазбалар жазу бірлескен үрдіс болып табылады, сондықтан файлдарды бір мезгілде бірнеше адамның өңдеуін болдырмайтын көптеген қолданбалар тапсырмаға лайық емес. OneNote бағдарламасы барлық пайдаланушыларға бір мезгілде жазбалардың ортақ жиынына қатынас жасауға мүмкіндік береді және әрбір пайдаланушының жазу кітапшасындағы өзгерістерді автоматты түрде үйлестіріп отырады. Нәтижесінде жазу кітапшасы әрқашан жаңартылған күйде болады және дәлме-дәл айтқанда, барлық пайдаланушыны бір бетте түйістіреді.

Ортақ жазу кітапшасын орнату қиын емес. Жаңа жазу кітапшасы шебері сіздің және топ мүшелерінің желідегі қатынай алатын орнында ортақ жазу кітапшасын жасауға көмектеседі. Немесе жазу кітапшасын өз компьютеріңіздегі ортақ файлда да жасай аласыз.

Бірнеше пайдаланушы ортақ жазу кітапшасына қатынас жасаған кезде, OneNote бағдарламасы жазу кітапшасына енгізілген өзгерістерді үздіксіз үйлестіріп отырады. Сондай-ақ, OneNote бағдарламасы әрбір пайдаланушының компьютерінде жазбалардың жазу кітапшасына қосылғанда, OneNote бағдарламасы олардың өзгерістерін басқалардың өзгерістерімен автоматты түрде біріктіреді.

Жаңа ортақ жазу кітапшасын жасау

  1. Файл мәзіріндегі Жаңа пәрменін көрсетіп, одан кейін Жазу кітапшасы пәрменін таңдаңыз.
  2. Жаңа жазу кітапшасы шеберінде төмендегі әрекетті орындаңыз:
    • Аты жолағына ортақ жазу кітапшасы атауын енгізіңіз (мысалы, Топтың апта сайынғы есептері немесе Философия сабағы бойынша топ жазбалары).
    • Талап бойынша жазу кітапшасы мұқабасының түсін таңдаңыз, ол белгіше түрінде Жазу кітапшалары шарлау тақтасында көрсетіледі.
    • Талап бойынша Үлгіден тізімінен ортақ жазу кітапшасындағы беттерге пайдаланылатын әдеттегі үлгіні таңдаңыз.
  3. Келесі түймешігін басыңыз.
  4. Осы жазу кітапшасын кім пайдаланады? тармағының астында Жазу кітапшасын бірнеше адам ортақ пайдаланады тармағын нұқып, төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Егер және ортақ жазу кітапшасын пайдаланатын адамдар файлдарға желінің ортақ файлында немесе серверінде қатынап, өзгертетін болса, Серверде түймешігін басыңыз.

       Ескерім   Сервердегі ортақ файлға қатынауға рұқсат алу үшін, желі әкімшісіне хабарласу қажет болуы мүмкін.

    • Компьютеріңізде басқалар да қатынай алатын ортақ файл жасау үшін, Осы компьютердегі ортақ қалтада түймешігін басыңыз. Қатқыл дискіңізде ортақ қалта жасау үшін, өз компьютеріңіздің жүйесіне Әкімші ретінде кіруіңіз керек.

       Ескерім   Бұл параметрді компьютеріңіз көбінесе желіге қатынаулы болса ғана таңдауыңыз тиіс. Егер де компьютеріңізді әдетте желіге қоспайтын болсаңыз немесе оны сапарға шыққанда алып жүрсеңіз, желілік ортақ файлда ортақ жазу кітапшасын жасаңыз.

  5. Келесі түймешігін басыңыз.
  6. Жаңа жазу кітапшаңызға арналған ыңғайлы ортақ орын таңдаңыз. Ортақ OneNote жазу кітапшаларын сақтау үшін төмендегі орындар ұсынылады:
    • Ұйымыңыз немесе оқу орныңыздың компьютер желісіндегі ішкі немесе жалпы ортақ файл
    • Қатынауға әкімші рұқсаты бар компьютердегі ортақ қалта
    • Microsoft Windows SharePoint Services веб-торабындағы құжаттар жинағы
    • Жоғары сыйымдылықты USB (Жүйелі әмбебап шина) дискі

     Сақтаныңыз   Ортақ жазу кітапшаларын кез келген өзге файл немесе қалтаны ортақтасу және үйлестіру технологияларымен бірге қолданбауды ұсынамыз.

  7. Орналасу жолағында ортақ жазу кітапшасы үшін ұсынылған орынның дұрыстығын тексеріңіз.

     Ескерім   2-қадамда енгізілген жазу кітапшасы атауы автоматты түрде орналасу жолына қосылады.

  8. Ортақ жазу кітапшасы орналасуына сілтемесі бар, өзге пайдаланушыларға жіберілетін электрондық пошта хабарын жасау үшін, Басқа пайдаланушыларға жіберуге болатын осы жазу кітапшасына сілтемесі бар электрондық пошта хабарын жасау параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

     Кеңес   Ортақ жазу кітапшасын жасағаннан кейін оған сілтемені жіберу үшін, Ортақтасу мәзіріндегі Ортақ жазу кітапша сілтемесін басқаларға жіберу пәрменін таңдаңыз.

  9. Жасау түймешігін басыңыз.

     Ескерім   OneNote бағдарламасы өзге пайдаланушыларға рұқсат беруге көмектесу үшін, тілқатысу терезесін және қосымша Анықтама бөлімін көрсетеді.

Бұрыннан бар жазу кітапшасын ортақтасу

Егер OneNote жазу кітапшасын компьютеріңізде әлден жасаған болсаңыз және басқаларға оны көру және өңдеу рұқсатын бергіңіз келсе, төмендегі әрекетті орындаңыз:

  1. OneNote бағдарламасындағы ортақтасқыңыз келетін жазу кітапшасын жабыңыз. Жазу кітапшалары шарлау тақтасындағы жазу кітапшасы тақырыбын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Жазу кітапшасын жабу пәрменін таңдаңыз.
  2. OneNote бағдарламасынан шығу үшін, Файл мәзіріндегі Шығу пәрменін таңдаңыз.
  3. Windows тапсырмалар үстеліндегі Бастау пәрменін таңдап, Барлық бағдарламалар тармағын көрсетіп, Периферия құрылғылары тармағын көрсетіп, Windows Explorer тармағын нұқыңыз.
  4. Менің құжаттарым қалтасындағы OneNote жазу кітапшалары тармағын екі рет нұқыңыз.

     Ескерім   OneNote орнату кезінде жазу кітапшалардың әдеттегі орналасуын өзгерткен болсаңыз, OneNote жазу кітапшалары бар қалтаға ауысыңыз.

  5. Ортақтасқыңыз келетін жазу кітапшасы қалтасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Қиып алу пәрменін таңдаңыз.
  6. Windows Explorer бағдарламасын пайдаланып, өзгелер жазу кітапшаңызға қатынай алатын ортақ орынға ауысыңыз. Windows Explorer бағдарламасының Өңдеу мәзіріндегі Қою пәрменін таңдаңыз.

     Ескерім   Бұрыннан бар жазу кітапшасын қалтасын қиып алып қою компьютеріңіздің қатқыл дискісінен қалтаны таңдаған ортақ орынға тиімді түрде жылжытады. Біз бұл мақсатта жазу кітапшаларды көшіруді ұсынбаймыз.

  7. Windows Explorer бағдарламасы жазу кітапшасы қалтасын жаңа орынға жылжытқаннан кейін, Windows Explorer бағдарламасын жабыңыз және OneNote бағдарламасын іске қосыңыз.
  8. OneNote бағдарламасындағы Файл мәзірінде орналасқан Ашу пәрменін көрсетіп, Жазу кітапшасы пәрменін таңдаңыз.
  9. Жазу кітапшасын ашу тілқатысу терезесінде, бұдан бұрынғы қадамдарда жазу кітапшаңызды жылжытқан ортақ орынға барыңыз, жазу кітапшасы қалтасын таңдау үшін оны нұқып, Ашу түймешігін басыңыз.

     Кеңес   Басқа пайдаланушыларға ортақ орындағы жазу кітапшаңызға қайдан қатынауға болатынын хабарлау үшін, электрондық пошта хабарын жібере аласыз. OneNote бағдарламасындағы Ортақтасу мәзірінде орналасқан Ортақ жазу кітапша сілтемесін басқаларға жіберу пәрменін таңдаңыз.

Компьютеріңіздегі бұрыннан бар жазу кітапшасын бірлесіп пайдалануды тоқтату

  1. OneNote бағдарламасында, компьютеріңіздегі ортақ жазу кітапшасын ортақтасуды тоқтатқыңыз келетін бетіне ауысыңыз.
  2. Ортақтасу мәзіріндегі Жазу кітапшасын ортақтасуды тоқтату пәрменін таңдаңыз.
  3. Таңдалған жазу кітапшасын ортақтасуды тоқтату үшін, құптау тілқатысу терезесінде Ия түймешігін басыңыз.

     Ескерім   Егер қалтаға бірнеше атау берген болсаңыз немесе жазу кітапшасы басқа да ортақ қалтада орналасқан болса, жазу кітапшаңыз басқа адамдарға қатынаулы күйде қалады. Мұндай жағдайларда Windows Explorer бағдарламасындағы ортақ жазу кітапшасы қалтасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Ортақтасу мен қауіпсіздік пәрменін таңдаңыз. Қалтаның Сипаттар тілқатысу терезесіндегі Ортақтасу қойындысында орналасқан Қалта ортақтастырылмасын түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Тікелей ортақтасу сеансын ұйымдастыру немесе оған қатысу

Компьютеріңіз Интернетке немесе желіге қосылған болса, қызметтестеріңіз, сыныптастарыңыз немесе достарыңыз сияқты басқа OneNote пайдаланушыларымен бірге бірлесіп жазу сеанстарына қатыса аласыз. Бірлесіп жазу сеанстары барлық қатысушыларға нақты уақыт күйінде бір-бірінің жазбаларын көру және өзгерту мүмкіндігін береді.

Бірлесіп жазу сеансы кезінде жазу кітапшасындағы бір немесе бірнеше бөлімді бірлесіп пайдалана аласыз. Қатысушы өз компьютерінде жұмыс істеп отырса да, терілген мәтін және сандық қолжазбалық мәтін нақты уақыт күйінде жіберіледі. Бірлесіп жазу сеансы барысында телефонмен сөйлесу немесе тез хабар алмасу сияқты байланыстың қосымша әдістерін пайдалану ыңғайлы болады. Бұл – қосымша мәліметтерді жіберуге және қатысушылардың қайсысы аңғартпа қосқанын немесе жазбаларды өңдегенін анықтауға көмектеседі.

OneNote пайдаланушысы ретінде жаңа бірлесіп жазу сеансын бастай аласыз немесе бұрын басталған сеансқа қосыла аласыз. Бірлесіп жазу сеансына қатысу барысында барлық қатысушылардың аттары Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағында көрсетіледі. Егер бірлесіп жазу сеансын бастасаңыз, сеансқа тек қана құпия сөзді енгізген қатысушылар ғана қосылатындай етіп құпия сөз орнатуға болады.

Егер бірлесіп жазу сеансын бастасаңыз, ортақтасқыңыз келетін бөлімді таңдап, одан кейін бірлесіп жұмыс істегіңіз келетін қатысушыларды шақыра аласыз. Егер OneNote бағдарламасы компьютеріңізге орнатылған болса, басқаларды бірлесіп жазу сеансына шақырған кезде, автоматты түрде электрондық пошта хабары жасалады және онда төмендегілер көрсетіледі: сеансқа шақыру, сеансты ұйымдастырушы компьютерінің IP-мекен-жайы және қажет болған жағдайда, сеансқа арналған құпия сөз. Хабарды қарап шыққаннан кейін, оны қатысушыларға жібере аласыз.

Қатысушылар бірлесіп жазу сеансынан кез келген уақытта шыға алады.

  Ескерімдер  

  • Бас және кіші әріптерден, сандардан және таңбалардан тұратын қиын кілт сөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл кілт сөзде ондай қасиеттер жоқ. Қиын кілт сөз үлгісі: Y6dh!et5. Жеңіл кілтсөз: Үй27. кілт сөздердің ұзындығы 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы тиіс. 14 немесе одан да көп таңбадан тұратын кілт сөйлемдер ең жақсы шешім болып табылады. Көбірек ақпарат алу үшін Жеке ақпаратыңызды қиын кілт сөзбен қорғауға көмектесу тармағын қараңыз.

    Кілт сөзіңізді жатқа білген өте маңызды. Кілт сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы оны қалпына келтіре алмайды. кілт сөзіңізді жазып қойып, өзі қорғауға арналған ақпараттан аулақ, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

  • Бірлесіп жазу сеансына арналған құпия сөзді немесе IP-мекен-жайын жібергіңіз келсе, Microsoft Office Outlook 2007 сияқты Ақпаратқа қатынасу құқықтарын басқару қызметін қолданатын электрондық пошта бағдарламасын пайдалануды ұсынамыз. Рұқсаты шектелген электрондық пошта хабарын жасау арқылы бірлесіп жазу сеансына арналған құпия сөзді немесе IP-мекен-жайын қорғауға болады. Егер қабылдаушылардың компьютерлерінде Microsoft Office Outlook 2007 орнатылмаған болса, олар Internet Explorer бағдарламасына арналған Windows құқықтарын басқару қондырмасын немесе рұқсаты шектелген мазмұнды қолданатын басқа бағдарламаны қотара алады.

Бірлесіп жазу сеансын ұйымдастыру

Егер бірлесіп жазу сеансын ұйымдастырсаңыз, төмендегі әрекетті орындай аласыз:

КөрсетуТікелей ортақтасу сеансын бастау

  1. Басқалармен ортақтасқыңыз келетін жазу кітапшасын және бөлімді ашыңыз.
  2. Ортақтасу мәзіріндегі Тікелей ортақтасу сеансы тармағын көрсетіп, одан кейін Ағымдық бөлімді ортақтасуды бастау пәрменін таңдаңыз.

    Тікелей сеансты бастау тапсырмалар аймағы ашылады.

  3. Қатысушылардың Тікелей ортақтасу сеансына қосылуына қажет құпия сөзді тағайындау үшін, оны Тікелей сеансты бастау тапсырмалар аймағындағы Сеанс құпия сөзі жолағына енгізіңіз.

     Ескерім   

    Бас және кіші әріптерден, сандардан және таңбалардан тұратын қиын кілт сөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл кілт сөзде ондай қасиеттер жоқ. Қиын кілт сөз үлгісі: Y6dh!et5. Жеңіл кілтсөз: Үй27. кілт сөздердің ұзындығы 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы тиіс. 14 немесе одан да көп таңбадан тұратын кілт сөйлемдер ең жақсы шешім болып табылады. Көбірек ақпарат алу үшін Жеке ақпаратыңызды қиын кілт сөзбен қорғауға көмектесу тармағын қараңыз.

    Кілт сөзіңізді жатқа білген өте маңызды. Кілт сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы оны қалпына келтіре алмайды. кілт сөзіңізді жазып қойып, өзі қорғауға арналған ақпараттан аулақ, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

  4. Тікелей ортақтасу сеансын бастау түймешігін басыңыз.
  5. Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағында қалаған параметрлеріңізді орнатыңыз.

КөрсетуҚатысушыларды Тікелей ортақтасу сеансына шақыру

  1. Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Қатысушыларға Тікелей ортақтасу сеансында ортақтасатын беттерді өңдеуге рұқсат беру үшін, Қатысушыларға өңдеуге рұқсат ету жалаушасын таңдаңыз.
    • Тікелей ортақтасу сеансындағы қатысушыларға ортақтасатын беттерді өзгертпей көруге рұқсат беру үшін, Қатысушыларға өңдеуге рұқсат ету жалаушасын алып тастаңыз.
  2. Қатысушыларды шақыру түймешігін басыңыз.
  3. Ашылатын электрондық пошта хабарындағы Кімге жолағына шақырғыңыз келетін қатысушылардың электрондық пошта мекен-жайларын енгізіп, одан кейін Жіберу түймешігін басыңыз.

  Ескерімдер  

  • Office Outlook 2007 сияқты Ақпаратқа қатынасу құқықтарын басқару қызметін қолданатын электрондық пошта бағдарламасын пайдаланып, рұқсаты шектелген электрондық пошта хабарларын жасауға болады. Рұқсаты шектелген электрондық пошта хабарын жасау арқылы бірлесіп жазу сеансына арналған құпия сөздің немесе IP-мекен-жайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Егер қабылдаушылардың компьютерлерінде Outlook бағдарламасы орнатылмаған болса, олар Internet Explorer бағдарламасына арналған Windows құқықтарын басқару қондырмасын немесе рұқсаты шектелген мазмұнды қолданатын басқа бағдарламаны қотара алады.
  • Егер сіздің компьютеріңізде Outlook бағдарламасы орнатылмаған болса, Қатысушыларды шақыру түймешігін басыған кезде, бірлесіп жазу сеансы туралы мәліметтерді көрсететін тілқатысу терезесі пайда болады. Байланыстың қауіпсіз әдісін пайдаланып, қатысушыларға   құпия сөз немесе IP-мекен-жайы сияқты  қажетті мәліметтерді жіберуіңіз тиіс.
  • Бас және кіші әріптерден, сандардан және таңбалардан тұратын қиын кілт сөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл кілт сөзде ондай қасиеттер жоқ. Қиын кілт сөз үлгісі: Y6dh!et5. Жеңіл кілтсөз: Үй27. кілт сөздердің ұзындығы 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы тиіс. 14 немесе одан да көп таңбадан тұратын кілт сөйлемдер ең жақсы шешім болып табылады. Көбірек ақпарат алу үшін Жеке ақпаратыңызды қиын кілт сөзбен қорғауға көмектесу тармағын қараңыз.

    Кілт сөзіңізді жатқа білген өте маңызды. Кілт сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы оны қалпына келтіре алмайды. кілт сөзіңізді жазып қойып, өзі қорғауға арналған ақпараттан аулақ, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

КөрсетуБірлесіп жазу сеансынан шығу

  • Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағындағы Ортақ сеанстан шығу түймешігін басыңыз.

     Ескерім   Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағын жабу сеансты аяқтамайды.


Бірлесіп жазу сеансына қатысу

Егер бірлесіп жазу сеансын ұйымдастырушы болмасаңыз, төмендегі әрекетті орындай аласыз:

КөрсетуБірлесіп жазу сеансына қосылу

  1. Ортақтасу мәзіріндегі Ортақ сеанс тармағын көрсетіп, Сеансқа қосылу пәрменін таңдаңыз.
  2. Тікелей сеансқа қосылу тапсырмалар аймағындағы Тікелей ортақтасу сеансының мекен-жайы терезесіне сеанс ұйымдастырушысы компьютерінің IP-мекен-жайын енгізіңіз.
  3. Егер сеансқа қосылу үшін құпия сөзді енгізу қажет болса, Сеанс құпия сөзі жолағына құпия сөзді енгізіңіз.
  4. Сеансқа қосылу түймешігін басыңыз.

     Ескерім   Егер құпия сөзді білмесеңіз, сеанс ұйымдастырушысына хабарласыңыз.

КөрсетуБірлесіп жазу сеансынан шығу

  • Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағындағы Тікелей ортақтасу сеансынан шығу түймешігін басыңыз.

     Ескерім   Ағымдық тікелей сеанс тапсырмалар аймағын жабу сеансты аяқтамайды.


Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы