Microsoft Office Online
Менің Office Online (Бұл не?) орталығыма кіру | Кіру

 
 
Анықтама және нұсқаулар
Іздеу
Іздеу
 
Жаңартулар: (c) Microsoft
Office қотармалары
 
 
 
Қолдау мен кері байланыс
Техникалық қор көздері
Қосымша қор көздері
Ескерту: Бұл бетті сіз қолданбаған шолғышпен қарап отырсыз. Бұл веб-торап Microsoft Internet Explorer 6.0 не одан жаңа, Firefox 1.5 немесе Netscape Navigator 8.0 нұсқаларымен ең жақсы көрінеді. Қолданатын шолғыштар жөнінде көбірек біліңіз.

Office Online веб-торабындағы арнайы мүмкіндіктер
 

Microsoft Office Online веб-торабы мүмкіндігінше көп адамдардың, олардың ішінде бейнебет оқушылары мен басқа көмекші технология пайдаланушыларының қолдануына арналған.

 Ескерім   Office Online веб-торабының баршаға қатынаулы болуы үшін жасақталғанымен, олардың Интернетті қалай көретініне қарамастан, мазмұнның кейбір түрлері бұрыннан қатынаусыз болады. Мысалы, бейне көрсетілімдері мәтіндік немесе көрінбейтін шолғыштарына қолданылмайды.

Пернетақта шарлауы

Microsoft Office Online беттерінің пернетақтамен шарлауын жеңілдету үшін қатынас пернелері беттің арнайы беттеріне кезелімді орналастыруына жасалған. Қатынас пернелері кезелімді қажетті элементке жылжытатын пернелер тіркесімдері болып табылады. Қатынас пернесін басқаннан кейін, сіз қажетті элементті таңдау үшін ENTER пернесін басасыз. Мысалы, тораптың кез келген жерінде Office Online өзіндік бетіне өту үшін ALT+1 пернелерін, одан кейін ENTER пернесін басуыңызға болады.

Бұл қатынас пернелері Microsoft Internet Explorer бағдарламасымен (5.x, 6.x, 7.x нұсқалары) және Netscape Navigator бағдарламасымен (6.x, 7.x, 8.x нұсқалары) жұмыс істеуге арналған. Егер басқа веб-шолғыштарын, Internet Explorer немесе Navigator ескі нұсқаларын пайдаланып жатсаңыз, қатынас пернелері жұмыс істемеуі мүмкін.

Қатынас пернелерін пайдалану

  • Кезелімді беттің төменгі деректемесіндегі Арнайы мүмкіндіктер сілтемесіне (осы бөлімдегі сілтемеге) жылжыту үшін ALT+0 (нөл) пернелерін басыңыз. Одан кейін сілтемені ашу үшін ENTER пернесін басыңыз.
  • Кезелімді Таспадағы Басты қойындысына жылжыту үшін ALT+1 пернелерін басыңыз.
    • Басты қойындысында кезелімді Таспадағы басқа қойындыларға жылжыту үшін TAB пернесін басыңыз.
  • Кезелімді сол жақ шарлау тақтасындағы (біреуі болған жағдайда) бірінші сілтемеге жылжыту үшін ALT+2 пернелерін басыңыз.
    • Сіз сол жақ шарлау тақтасының бірінші сілтемесінде болатындықтан, кезелімді сол жақ шарлау тақтасындағы басқа элементтерге TAB пернесін басу арқылы жылжытуыңызға болады.
  • Кезелімді Іздеу жолағына жылжыту үшін ALT+3 пернелерін басыңыз.
    • Іздеу терминін теріп, ENTER пернесін басыңыз.
  • Кезелімді нәтижелер беті арқылы (мысалы, іздеу нәтижелері) арқылы жылжыту үшін ALT+/ (алға қарай қиғаш) пернелерін басыңыз.
  • Алдыңғы көрсеткісі бар бетте (алдыңғы бетке жылжыту үшін) ALT+, (үтір) пернелерін басу арқылы кезелімді көрсеткіге жылжытыңыз.
  • Келесі көрсеткісі бар бетте (келесі бетке жылжыту үшін) ALT+. (нүкте) пернелерін басу арқылы кезелімді көрсеткіге жылжытыңыз.

 Ескерім   ALT+1 пернелерінен басқа, бұл қатынас пернелері барлық бетте қатынаулы болмайды.

Қосымша қатынас пернелері

Басқа қатынас пернелері келешектегі Microsoft Office Online беттері үшін жасалуы мүмкін. Егер жаңа қатынас пернелері жасалса, бұл беттің жаңа ақпаратпен жаңартылуы мүмкін.

Беттерді жоғары контраст күйінде көру

Егер жоғары контрастты пайдалану үшін Windows жүйесіндегі бейнебет параметрлерін өзгертсеңіз, Internet Explorer бағдарламасы Windows параметрлерін елемей, бетті бастапқыда жасалғандай етіп көрсетеді. Беттерді жоғары контраст күйінде көру үшін төмендегілерді орындаңыз:

  1. Internet Explorer бағдарламасының Құралдар мәзірінде Интернет параметрлері пәрменін таңдап, одан кейін Жалпы қойындысындағы Арнайы мүмкіндіктер түймешігін басыңыз.
  2. Веб-беттерінде көрсетілген түстерді елемеу, Веб-беттерінде көрсетілген қаріп мәнерлерін елемеу және Веб-беттерінде көрсетілген қаріп өлшемдерін елемеу параметрлеріне құсбелгілерді қойып, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Беттерді жоғары контраст күйінде веб-шолғыштары арқылы өту туралы ақпарат алу үшін шолғышыңыздың Анықтамасын қараңыз.

Баламалы мәтін

Microsoft Office Online беттерінде пайдаланылатын суреттерде бейнебет оқырмандары мен басқа көмекші технологиялармен пайдалану үшін суреттің мәтіндік сипаттамасымен қамтамасыз ететін баламалы мәтін болады. Баламалы мәтін ақпаратпен қамтамасыз етпейтін немесе қоршаған мәтінді жай қайталайтын жағдайларда баламалы мәтіннің шығарылуы мүмкін.

Толық ақпарат

Office бағдарламаларындағы арнайы мүмкіндіктер туралы анықтама алу үшін, пернелер тіркесімдері мен басқа қызықтырған ерекше мүмкіндіктер туралы ақпарат алу үшін қажет бағдарламада Анықтаманы бөлімін іздеңіз.

Office бағдарламаларындағы пернелер тіркесімдерін, мысалы, 2007 Office жүйесіндегі пернелер тіркесімдерін (Ағылшын тілінде) пайдалану туралы бірнеше оқыту курстары бар Интернетте оқыту бетін де тексеруіңізге болады.

Барлығына қатынаулы бағдарламалық жасақтаманы жасау үшін барлық Microsoft жұмыстары туралы қосымша ақпарат алу үшін Microsoft арнайы мүмкіндіктері (Ағылшын тілінде) бөліміне кіріңіз.

Не ойлайтыныңызды айтыңыз

Біз Office Online веб-торабының арнайы мүмкіндіктерін жақсартуға мүдделіміз. Төмендегі Ақпарат пайдалы болды ма? сұрағына жауап беру және аңғартпаларыңызды қалдыру арқылы жұмысымызды бағалаңыз және қалай жақсартуымызға болатынын айтып беріңіз.

Microsoft Office жүйесіндегі арнайы мүмкіндіктері бойынша кері байланыс беру үшін Microsoft Office Online бетінің төменгі жағындағы Бізбен хабарласыңыз түймешігін басыңыз.

Беттің төменгі жағындағы Бізбен хабарласыңыз сілтемесі