Microsoft Office Online
Менің Office Online (Бұл не?) орталығыма кіру | Кіру

 
 
Microsoft Office Excel
Іздеу
Іздеу
 
Жаңартулар: (c) Microsoft
Office қотармалары
 
 
 
Қолдау мен кері байланыс
Техникалық қор көздері
Қосымша қор көздері
Ескерту: Бұл бетті сіз қолданбаған шолғышпен қарап отырсыз. Бұл веб-торап Microsoft Internet Explorer 6.0 не одан жаңа, Firefox 1.5 немесе Netscape Navigator 8.0 нұсқаларымен ең жақсы көрінеді. Қолданатын шолғыштар жөнінде көбірек біліңіз.

Бірлесіп жұмыс істеу үшін ортақ жұмыс кітабын пайдалану
Келесіге қатысы бар: Microsoft Office Excel 2007
 

Ортақ жұмыс кітабын (ортақ жұмыс кітабы: Желідегі бірнеше пайдаланушыға бір мезгілде көруге және өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін жұмыс кітабы. Жұмыс кітабын сақтайтын әрбір пайдаланушы басқа пайдаланушылар тарапынан жасалған өзгерістерді көреді.) жасап, оны бірнеше адам мазмұнын бір уақытта өзгерте алатын желі орнына орналастыруға болады. Мысалы, әр жұмыс тобындағы адамдар бірнеше жобаларды қолданып, оларға әр пайдаланушының жобаларын білу қажет болса, топ жобалардың күйін қадағалау үшін ортақ жұмыс кітабын пайдалана алады. Қамтылған барлық адамдар бір жұмыс кітабындағы жобалары туралы мәліметті енгізе алады.

Ортақ жұмыс кітабының иесі ретінде пайдаланушыларды ортақ жұмыс кітабынан жою және өзгеріс қайшылықтарын шешу арқылы оны басқаруға болады. Барлық өзгерістер біріктірілгенде, жұмыс кітабын ортақ пайдалануды тоқтатуға болады.

Excel деректерін ортақ пайдалану

Не істегіңіз келеді?


Жұмыс кітабын ортақ пайдалану

  1. Жаңа жұмыс кітабын жасап, берілу қажет деректерді енгізіңіз немесе көп пайдаланушылық өңдеуге қолданылатын бар жұмыс парағын ашыңыз.

     Ескерім   Барлық мүмкіндіктер ортақ жұмыс кітабында болмайды. Егер төмендегі мүмкіндіктердің біреуін қосу қажет болса, жұмыс кітабын ортақ жұмыс кітабы ретінде сақтамай тұрып, оларды қосу керек: біріккен ұяшықтар (біріктірілген ұяшық: Екі немесе одан көбірек таңдалған ұяшықтарды біріктіру арқылы жасалған бір ұяшық. Біріктірілген ұяшық үшін ұяшыққа сілтеме бұл бастапқы таңдалған ауқымдағы жоғарғы сол жақтағы ұяшық.), шартты пішімдер (шартты пішім: Егер арнайы бір шарт орындалғанда Excel бағдарламасы ұяшықтарға автоматты түрде қолданатын ұяшық реңкі немесе қаріп түсі сияқты пішім.), деректерді тексеру (деректердің дұрыстығын тексеру: Ұяшыққа қандай деректерді енгізу қажеттігін немесе енгізуге болатынын көрсететін шектеулерді анықтау үшін және пайдаланушылардан дұрыс жазбаларды енгізуді сұрайтын және қате жазбалар туралы пайдаланушыларды ескертетін хабарларды көрсету үшін пайдалануға болатын Excel функциясы.), диаграммалар, суреттер, сызу нысандарын қамтитын нысандар, еренсілтемелер (еренсілтеме: Файлға, интернеттегі веб бетіне немесе интранеттегі веб бетіне өту үшін нұқитын түрлі түсті және асты сызылған мәтін немесе сызба. Сондай-ақ, еренсілтемелер жаңалық тобына және Gopher, Telnet және FTP тораптарына өткізеді.), сценарийлер, құрылымдар (құрылым: Егжей-тегжейлі деректер жолдары немесе бағандары жиынтық есептерді жасауға болатындай етіп топталған жұмыс парағының деректері. Құрылым тұтас жұмыс парағын немесе оның таңдалған бір бөлігін жинақтай алады.), аралық жиындар, деректер кестесі (деректер кестесі: Бір немесе бірнеше формулалардағы әр түрлі мәндерді ауыстыру нәтижелерін көрсететін ұяшықтар ауқымы. Деректер кестесінің екі түрі болады: бір кіріс кестелер және екі кіріс кестелер.), жиынтық кесте есептері (Жиынтық кесте есебі: Интерактивті, жан-жақты құрылған кестесі бар Excel есебі, ол дерекқор жазбалары сияқты деректерді жинақтайды және талдайды, деректер әр түрлі дерек көздерден, соның ішінде Excel бағдарламасынан тыс көздерден де алынады.), жұмыс кітабын және жұмыс парағын қорғау және макростар. Жұмыс кітабын ортақ пайдаланғаннан кейін, бұл мүмкіндіктерге өзгерістер енгізе алмайсыз.

    КөрсетуОртақ жұмыс кітабында болмайтын мүмкіндіктер

    Ортақ жұмыс кітабында мына әрекеттерді жүзеге асыра алмайсыз Бірақ келесі әрекеттерді орындай аласыз
    Excel кестесін жасауЕшқайсысы
    Ұяшықтар блоктарын кірістіру немесе жою Жолдар мен бағандарды түгел кірістіруге болады
    Жұмыс парақтарын жою Ешқайсысы
    Ұяшықтарды біріктіру немесе біріккен ұяшықтарды бөлу Ешқайсысы
    Шартты пішімдерді қосу немесе өзгерту Бар шартты пішімдер ұяшық мәндері өзгерген сайын шыға береді, бірақ бұл пішімдерді өзгерте де, шарттарды қайта анықтай да алмайсыз.
    Деректерді тексеруді қосу немесе өзгерту Жаңа мәндерді тергенде ұяшықтар тексеріле береді, бірақ бар деректерді тексеру параметрлерін өзгерте алмайсыз.
    Диаграммаларды немесе жиынтық диаграмма есептерін жасау немесе өзгерту Бар диаграммалар мен есептерді қарап шыға аласыз.
    Суреттерді немесе басқа нысандарды кірістіру немесе өзгерту Бар суреттер мен нысандарды қарап шыға аласыз.
    Еренсілтемелерді кірістіру немесе өзгерту Бар еренсілтемелер жұмыс істеуін жалғастырады.
    Сызу құралдарын пайдалану Бар сызулар мен сызбаларды қарап шыға аласыз.
    Құпия сөздерді тағайындау, өзгерту немесе жою Бар құпия сөздер күшінде қалады.
    Жұмыс парақтарын немесе жұмыс кітабын қорғау немесе қорғауын алу Бар қорғау күшінде қалады.
    Сценарийлерді жасау, өзгерту немесе қарап шығу Ешқайсысы
    Деректерді топтау немесе сызу Бар құрылымдарды қолдана беруге болады.
    Автоматты аралық жиындарды кірістіру Бар аралық жиындарды қарап шыға аласыз.
    Деректер кестесін (деректер кестесі: Бір немесе бірнеше формулалардағы әр түрлі мәндерді ауыстыру нәтижелерін көрсететін ұяшықтар ауқымы. Деректер кестесінің екі түрі болады: бір кіріс кестелер және екі кіріс кестелер.) жасау Бар деректер кестесін қарап шыға аласыз.
    Жиынтық кесте есептерін жасау немесе өзгерту Бар есептерді қарап шыға аласыз.
    Макростарды жазу, тіркеу, өзгерту, қарап шығу немесе тағайындау Қол жетімсіз мүмкіндіктерді қолданбайтын бар макростарды іске қосуға болады. Ортақ жұмыс кітабының әрекеттерін басқа ортақ емес жұмыс кітабында сақталған макросқа тіркеуге болады.
    Microsoft Excel 4 тілқатысу парақтарын қосу немесе өзгерту Ешқайсысы
    Жиым өрнектерін (жиынтық формула: Бір немесе бірнеше мәндер жиынтықтары бойынша бірнеше есептеулерді орындайтын формула, сонан соң ол бір немесе бірнеше нәтижелерді береді. Жиынтық формулалар { } жақшаға алынады және CTRL+SHIFT+ENTER пернелерін басу арқылы енгізіледі.) өзгерту немесе жою Бар жиым өрнектері дұрыс есептеуді жалғастырады.
    Жаңа деректерді қосу үшін деректер пішінін пайдалануЖазбаны табу үшін деректер пішінін пайдалануға болады.
    Төмендегілерді қамти отырып, XML деректерімен жұмыс істеңіз:
    • XML деректерін импорттау, жаңарту және экспорттау
    • XML карталарын қосу, қайта атау немесе жою
    • Ұяшықтарды XML элементтерімен көрсету
    • Деректер мәзіріндегі XML көзінің тапсырмалар аймағын, XML құралдар тақтасын немесе XML пәрмендерін пайдалану
    Ешқайсысы
  2. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Жұмыс кітабын ортақ пайдалану түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспа кескіні

  3. Түзету қойындысындағы Бірнеше пайдаланушыларға файлды бірдей өзгертуге рұқсат беру. Бұл сондай-ақ кітаптарды біріктіруге мүмкіндік береді. параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.
  4. Қосымша қойындысындағы өзгерістерді қадағалауға және жаңартуға қолданылатын параметрлерді таңдап, OK түймешігін басыңыз.
  5. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    • Егер бұл жаңа жұмыс кітабы болса, атауды Файл атауы жолағына енгізіңіз.
    • Егер бұл бар жұмыс кітабы болса, жұмыс кітабын сақтау үшін, OK түймешігін, одан кейін Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.
  6. Windows Vista жүйесі іске қосылған компьютерде  

    • Мекенжай жолағы ішінде пайдаланушыларға қатынасы бар желі орналасуын таңдап, Сақтау түймешігін басыңыз.

    Microsoft Windows XP жүйесі іске қосылған компьютерде  

    • Сақтау жолағындағы қажетті пайдаланушыларға қол жетімді желі орнын таңдап, Сақтау түймешігін басыңыз.

     Ескерім   Сізге веб серверін емес, ортақ желі қалтасын қолдану керек.

  7. Егер жұмыс кітабында басқа жұмыс кітаптарымен немесе құжаттармен байланыс болса, байланыстарды тексеріп, үзілген байланыстарды жаңартып, Жылдам қатынау тақтасы ішінен Сақтау Түймешік суреті түймешігін немесе CTRL+S пернелер тіркесімін басыңыз.

    Жылдам қатынау тақтасы

    КөрсетуБасқа жұмыс кітаптарымен немесе құжаттармен байланысты тексеру және жаңарту әдісі

    1. Дерек қойындысының Қосылулар тобында Сілтемелерді өңдеу түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

       Ескерім   Егер файлда байланысқан мәлімет болмаса, Байланыстарды өңдеу пәрмені қол жетімді болмайды.

    2. Тізімдегі барлық байланыстардың күйін тексеру үшін, Күйін тексеру түймешігін басыңыз.

       Ескерім   Көп байланыс болса немесе бастапқы байланыстар бар жұмыс кітабы желі орнында болып, желі бояу жүрсе, осылай біраз уақытқа созылуы мүмкін.

    3. Күй бағанындағы күйді тексеріп, байланысты таңдап, қажетті әрекетті орындаңыз.
      Егер күй мынадай болса:Осы әрекетті орындау
      OKЕшқандай әрекет қажет етілмейді. Байланыс істеп тұр және жаңа болып табылады.
      БелгісізТізімдегі барлық байланыстардың күйін жаңарту үшін, Күйін тексеру түймешігін басыңыз.
      N/A Байланыс Нысанмен байланысу және енгізу (OLE) (OLE: Бағдарламалар арасында ақпарат бөлісуге болатын бағдарлама біріктіру технологиясы. Барлық Office бағдарламалары OLE қолдайды, сондықтан байланысқан және енгізілген нысандар арқылы ақпарат бөлісе аласыз.) немесе Динамикалық деректерді алмастыру (DDE) (Динамикалық деректер алмасуы (DDE): Microsoft Windows жүйесіне негізделген бағдарламалар арасында деректермен алмасуға арналған белгіленген тілдесу тәсілі.) үлгісін пайдаланады.

       Ескерім   Microsoft Office Excel бағдарламасы бұл байланыс түрлерінің күйін тексере алмайды.

      Қате: Қайнар көз табылмадыҚайнар көзін өзгерту түймешігін басып, басқа жұмыс кітабын таңдаңыз.
      Қате: Жұмыс парағы табылмады Қайнар көзін өзгерту түймешігін басып, басқа жұмыс кітабын таңдаңыз. Қайнар көздің жойылуы немесе қайта аталуы мүмкін.
      Ескерту: Мәндер жаңартылмағанМәндерді жаңарту түймешігін басыңыз. Жұмыс кітабы ашылғанда, сілтеме жаңартылмаған.
      Ескерту: Қайнар көзді ашу түймешігін, одан кейін F9 пернесін басу арқылы жұмыс кітабын есептеңізЖұмыс кітабында қолмен есептеу орнатылған болуы мүмкін. Жұмыс кітабын автоматты есептеуге қою үшін, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Excel параметрлері параметрін таңдаңыз. Өрнектер санатындағы Есептеу параметрлері тобының астынан Автоматты түймешігін басыңыз.
      Ескерту: Бастапқы жұмыс кітабы ашылғанша, кейбір атауларды шешуге болмайды Қайнар көзін ашу параметрін таңдаңыз, тағайындау жұмыс кітабын (тағайындалған файл: Сілтемелі немесе енгізілген нысан кірістірілген файл. Нысан жасауға пайдаланылатын ақпараты бар қайнар көз файлы. Тағайындалған файлдағы ақпаратты өзгерткеніңізде, ақпарат қайнар көз файлында жаңартылмайды.) қайта қосып, Күйін тексеру түймешігін басыңыз. Егер ол мәселені шешпесе, атаудың қате жазылмағанын және бар екенін тексеріңіз. Бастапқы жұмыс кітабын қосып, Өрнектер қойындысындағы Атаулы ұяшықтар тобынан Атауды реттеуші пәрменін таңдап, атауды іздеңіз.
      Ескерту: Қайнар көзді ашу түймешігін басыңыз Қайнар көз ашылғанша, байланыс жаңартылмайды.
      Қайнар көз ашықБайланыс күйі тексере алмайды.
      Файл атауынан жаңартылған мәндерЕшқандай әрекет қажет емес. Мәндер жаңартылған.
      Ескерту: Excel бағдарламасы байланыс күйін анықтай алмайдыҚайнар көзде ешқандай жұмыс парақтарының болмауы немесе қолдаусыз файл пішімімен сақталуы мүмкін. Мәндерді жаңарту түймешігін басыңыз.

  Ескерімдер  

  • Ұяшықтарды бұғаттап, қатынасты шектеу үшін жұмыс парағы қорғалғанша, желіге қол жетімді барлық пайдаланушылар ортақ жұмыс кітабына толық қатынасады. Ортақ жұмыс кітабын қорғау үшін Сараптау қойындысындағы Өзгертулер тобынан Жұмыс кітабын қорғау және ортақ пайдалану түймешігін басыңыз. Ортақ жұмыс кітабын қорғағанда, жұмыс кітабын ашу үшін барлық пайдаланушылар енгізуге тиісті құпия сөзді қоюға болады.
  • Ортақ жұмыс кітабын өңдеу үшін барлық пайдаланушылар төмендегі нұсқалардың біреуін компьютерлеріне орнату керек: Microsoft Office Excel, Microsoft Excel 97 немесе кейінгі нұсқасы немесе Macintosh компьютерлеріне арналған Microsoft Excel 98 немесе кейінгі нұсқасы.
  • Барлық Excel мүмкіндіктері ортақ жұмыс кітабында болмайды. Қосымша ақпарат алу үшін жоғарыдағы «Ортақ жұмыс кітабында болмайтын мүмкіндіктер» кестесін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Ортақ жұмыс кітабын өңдеу

Ортақ жұмыс кітабын ашқаннан кейін, кәдімгі жұмыс кітабында жасайтын жолмен деректерді енгізуге және өзгертуге болады.

  1. Ортақ жұмыс кітабын ашыңыз.

    КөрсетуОртақ жұмыс кітабын ашу әдісі

    1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Ашу пәрменін таңдаңыз.
    2. Windows Vista жүйесі іске қосылған компьютерде  

      • Мекенжай жолағы ішінде ортақ жұмыс кітабы сақталған желі орнын тауып, ортақ жұмыс кітабын нұқыңыз.
      Microsoft Windows XP жүйесі іске қосылған компьютерде  

      • Таңдау жолағында ортақ жұмыс кітабы сақталған желі орнын анықтап, ортақ жұмыс кітабын таңдаңыз.
    3. Ашу түймешігін басыңыз.

     Кеңес   Сондай-ақ, ортақ жұмыс кітабы сақталған желі орнына өтуге болады, ал оны ашу үшін ортақ жұмыс кітабын екі рет басыңыз.

  2. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Excel параметрлері түймешігін нұқыңыз.
  3. Жиі қолданылатын санатының Office көшірмеңізді іске асыру астындағы Пайдаланушы аты жолағында ортақ жұмыс кітабындағы жұмысты белгілеу үшін пайдаланылатын пайдаланушы атын енгізіп, OK түймешігін басыңыз.
  4. Жұмыс парақтарындағы деректерді әдеттегідей енгізіңіз және өңдеңіз.

     Ескерім   Келесілерді қоса немесе өзгерте алмайсыз: біріккен ұяшықтар, шартты пішімдер, деректер тексерімі, диаграммалар, суреттер, сызу нысандарын қамтитын нысандар, еренсілтемелер, сценарийлер, құрылымдар, аралық жиындар, деректер кестесі, жиынтық кесте есептері, жұмыс кітабы мен жұмыс парағын қорғау және макростар.

  5. Жеке пайдалануға қажетті сүзгі (сүзгі: Сіз белгілеген шарттарды қанағаттандыратын ғана тізімдегі жолдарды көрсету. Бір немесе бірнеше нақты мәндерге, есептелген мәндерге немесе шарттарға сәйкес келетін жолдарды көрсету үшін Автосүзгі пәрмені пайдаланылады.) және басып шығару параметрлерін дайындаңыз. Әр пайдаланушының параметрлері әдепкі мәнімен жеке сақталады.

     Кеңес   Сондай-ақ, жұмыс кітабын ашқанда, жұмыс кітабының иесі арқылы жүзеге асатын сүзгі және басып шығару параметрлерін қолдануға болады.

    КөрсетуБастапқы және басып шығару параметрлерін пайдалану әдісі

    1. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Жұмыс кітабын ортақ пайдалану түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

    2. Қосымша қойындысындағы Жеке көрініске қосу астынан Басып шығару параметрлері немесе Сүзгі параметрлері жанынан құсбелгіні алып, OK түймешігін басыңыз.
  6. Өзгертулерді жұмыс кітабына сақтау және соңғы сақталған кезеңнен кейінге басқа пайдаланушылар сақтаған өзгертулерді көру үшін, Жылдам қатынау тақтасы ішінен Сақтау түймешігін Түймешік суреті немесе CTRL+S пернелер тіркесімін басыңыз.

    Жылдам қатынау тақтасы

    Егер бейнебетке Қайшылықтарды шешу тілқатысу терезесі шықса, қайшылықтарды шешіңіз.

     Кеңес   Қайшылықтарды шешу үшін, осы тақырыптағы Ортақ жұмыс кітабындағы өзгеріс қайшылықтарын шешу бөлімін қараңыз.

  Ескерімдер  

  • Жұмыс кітабын ортақ пайдалану тілқатысу терезесінің Түзету қойындысында басқа кімнің жұмыс кітабы ашық екенін көруге болады (Шолу қойындысы, Өзгертулер тобы, Жұмыс кітабын ортақ пайдалану түймешігі).
  • Басқа пайдаланушылар өзгертулерінің автоматты жаңартуларын уақытылы сақтау арқылы немесе сақтамай, Ортақ жұмыс кітабы тілқатысу терезесінің Қосымша қойындысының Өзгертулерді жаңарту астынан таңдауға болады.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Ортақ жұмыс кітабынан пайдаланушыны жою

Қажет болған жағдайда, пайдаланушыларды ортақ жұмыс кітабынан ажыратуға болады.

 Ескерім   Пайдаланушыларды ажыратардың алдында, олардың жұмыс кітабында жұмысын аяқтағанын тексеріңіз. Егер белсенді пайдаланушыны жойсаңыз, кез келген сақталмаған жұмыстың жоғалып қалуы мүмкін.

  1. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Жұмыс кітабын ортақ пайдалану түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспасының суреті

  2. Түзету қойындысының Файлды келесі пайдаланушы ашты тізіміндегі пайдаланушылар аттарын қарап шығыңыз.
  3. Ажырату қажет пайдаланушы атын таңдап, Пайдаланушыны жою түймешігін басыңыз.

     Ескерім   Бұл әрекет пайдаланушы ортақ жұмыс кітабынан ажыратумен қатар пайдаланушының ортақ жұмыс кітабын қайтадан өңдеуіне жол бермейді.

  4. Жойылған пайдаланушыны жеке көрініс параметрлерін жою үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1. Көрініс қойындысындағы Жұмыс кітабының көріністері тобынан Өзгертпелі көріністер түймешігін басыңыз.

      Excel таспасының суреті

    2. Көріністер тізімінде басқа пайдаланушы көрінісін таңдап, Жою түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Ортақ жұмыс кітабындағы өзгеріс қайшылықтарын шешу

Екі пайдаланушы бір жұмыс кітабын өңдеп, бір ұяшыққа әсер ететін өзгертулерді сақтауға талпынғанда, қайшылық туындайды. Excel бағдарламасы сол ұяшықтағы өзгертулердің біреуін ғана сақтай алады. Екінші пайдаланушы жұмыс кітабын сақтағанда, Excel бағдарламасы Қайшылықтарды шешу тілқатысу терезесін көрсетеді.

  1. Қайшылықтарды шешу тілқатысу терезесінде басқа пайдаланушы енгізген әрбір өзгеріс пен өзгеріс қайшылықтары туралы мәліметті оқып шығыңыз.
  2. Өзгертуіңізді немесе басқа адамның өзгертуін сақтау үшін және келесі өзгеріс қайшылығына жылжу үшін, Қабылдау немесе Басқаны қабылдау түймешігін басыңыз.

    Қалған өзгертулеріңіздің барлығын немесе басқа пайдаланушының өзгертулерінің барлығын сақтау үшін, Бәрін қабылдау немесе Барлық басқа өзгертулерді қабылдау түймешігін басыңыз.

  3. Өзгертулеріңізді Қайшылықтарды шешу тілқатысу терезесін қайтадан ашпай барлық басқа өзгертулердің үстіне жазу үшін келесі әрекетті орындаңыз:
    1. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Жұмыс кітабын ортақ пайдалану түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспа кескіні

    2. Қосымша қойындысындағы Қарама-қарсы өзгертулер үшін астынан Бұрын сақталынғандарда басымдық бар параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
  4. Сіздің немесе басқаларының өткен қайшылықтарды қалай шешкенін қарап шығу үшін келесі әрекетті орындаңыз:
    1. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Түзетулер түймешігін нұқып, одан кейін Өзгертулерді бөлектеу түймешігін нұқыңыз.
    2. Қашан тізімінен Бәрі параметрін таңдаңыз.
    3. Автор және Қайда параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз.
    4. Жеке парақтағы тізім өзгертулері параметрі жанына құсбелгі қойып, OK түймешігін басыңыз.
    5. Жұмыс парағы журналындағы (әрекеттерді тіркеуге арналған жұмыс парағы: Ортақ жұмыс кітабындағы болған өзгерістердің тізімін көрсететін жеке жұмыс парағы: өзгерісті енгізген кісінің аты, өзгеріс қашан және қайда енгізілді, қандай деректер жойылды немесе алмастырылды және қайшылықтар қалай шешілді.) Әрекет түрі және Әрекет жоғалуы бағандарын қарап шығу үшін оң жаққа жылжыңыз.

       Ескерім   Сақталған өзгерту қайшылықтары Әрекет түрі үшін Ұтыс параметрі сақталады. Әрекет жоғалуы бағанындағы жол сандары жойылған деректерді қоса есептегенде, сақталған өзгерту қайшылықтары туралы мәлімет бар жолдарға ұқсас болады.

  5.  Кеңес   Жұмыс кітабының көшірмесін барлық өзгертулермен сақтау үшін Қайшылықтарды шешу тілқатысу терезесіндегі Болдырмау пәрменін таңдап, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басыңыз да, Басқаша сақтау пәрменін таңдап, файлдың жаңа атауын теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс кітабын ортақ пайдалануды тоқтату

Жұмыс кітабын ортақ пайдаланудан бұрын, барлық басқа пайдаланушылардың жұмысын аяқтағанын тексеріңіз. Кез келген сақталмаған өзгерту жоғалып кетеді. Өйткені өзгерту журналы (өзгерістерді тіркеу: Ортақ жұмыс кітабында, соңғы өзгерту сеанстарында енгізілген өзгерістер туралы сақталған мәліметтер. Мұндай мәліметтер әрбір өзгерісті енгізген кісінің атын, өзгерістің қашан енгізілгенін және қандай деректердің өзгертілгенін көрсетеді.) да жойылады, жұмыс парағы журналын (әрекеттерді тіркеуге арналған жұмыс парағы: Ортақ жұмыс кітабындағы болған өзгерістердің тізімін көрсететін жеке жұмыс парағы: өзгерісті енгізген кісінің аты, өзгеріс қашан және қайда енгізілді, қандай деректер жойылды немесе алмастырылды және қайшылықтар қалай шешілді.) басып шығару арқылы немесе оны басқа жұмыс парағына көшіру арқылы іске қосу қажет болуы мүмкін.

  1. Өзгерту журналы туралы мәліметтің көшірмесін сақтау үшін келесі әрекетті орындаңыз:
    1. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Түзетулер түймешігін нұқып, одан кейін Өзгертулерді бөлектеу түймешігін нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

    2. Қашан тізімінен Бәрі параметрін таңдаңыз.
    3. Автор және Қайда параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз.
    4. Жеке парақтағы тізім өзгертулері параметрі жанына құсбелгі қойып, OK түймешігін басыңыз.
    5. Келесі әрекеттердің бірін немесе екеуін де орындаңыз:
      • Жұмыс парағы журналын басып шығару үшін, Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Басып шығару пәрменін таңдаңыз.
      • Журналды басқа жұмыс парағына көшіру үшін, көшірілетін ұяшықтарды бөлектеп, Басты қойындысындағы Аралық сақтағыш тобынан Көшіру Түймешік суреті түймешігін басып, басқа жұмыс кітабына ауысыңыз, көшірілген деректер қойылатын жерді нұқып, Басты қойындысындағы Аралық сақтағыш тобынан Қою Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

        Excel таспасының суреті

       Ескерім   Сонымен қатар, жұмыс кітабының ағымдық нұсқасын сақтау немесе басып шығару керек болуы мүмкін, себебі бұл журнал деректері жұмыс кітабының соңғы нұсқаларына қолданылмауы мүмкін. Мысалы, көшірілген журналдағы ұяшықтардың орналасқан жерін, соның ішінде жол нөмірлері кейін ағымдық болмай қалуы мүмкін.

  2. Ортақ жұмыс кітабындағы Алдын ала қарау қойындысының Өзгертулер тобынан Жұмыс кітабын ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.
  3. Түзету қойындысындағы Файлды келесі пайдаланушы ашты тізімінде жалғыз екеніңізді тексеріңіз.

     Кеңес   Қосымша пайдаланушыларды жою үшін, осы тақырыптағы Ортақ жұмыс кітабынан пайдаланушыны жою бөлімін қараңыз.

  4. Бірнеше пайдаланушыларға файлды бірдей өзгертуге рұқсат беру. Бұл сондай-ақ кітаптарды біріктіруге мүмкіндік береді. жанынан құсбелгіні алып тастаңыз.

     Ескерім   Егер бұл құсбелгіні пайдалану мүмкін болмаса, алдымен жұмыс кітабының қорғауын алу керек. Ортақ жұмыс кітабының қорғауын жою үшін, келесі әрекетті орындаңыз:

    1. Жұмыс кітабын ортақ пайдалану тілқатысу терезесін жабу үшін, ОК түймешігін басыңыз.
    2. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Ортақ пайдаланудағы жұмыс кітабының қорғанысын алу түймешігін нұқыңыз.
    3. Егер ұсынылса, құпия сөзді (құпия сөз: Жұмыс кітабына, жұмыс парағына немесе жұмыс парағының бір бөлігіне кіруді шектеу тәсілі. Excel құпия сөздерінде саны 255-ке дейін жететін әріптер, сандар, бос орындар және таңбалар болуы мүмкін. Құпия сөздерді орнатқанда және енгізгенде бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс теру қажет.) енгізіп, ОК түймешігін басыңыз.
    4. Шолу қойындысының Өзгертулер тобында Жұмыс кітабын ортақ пайдалану түймешігін нұқыңыз.
    5. Түзету қойындысындағы Бірнеше пайдаланушыларға файлды бірдей өзгертуге рұқсат беру. Бұл сондай-ақ кітаптарды біріктіруге мүмкіндік береді. жанынан құсбелгіні алыңыз.
  5. Басқа пайдаланушыларға ықпал ету ұсынылса, Иә түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы