Microsoft Office Online
Менің Office Online (Бұл не?) орталығыма кіру | Кіру

 
 
Microsoft Office Excel
Іздеу
Іздеу
 
Жаңартулар: (c) Microsoft
Office қотармалары
 
 
 
Қолдау мен кері байланыс
Техникалық қор көздері
Қосымша қор көздері
Ескерту: Бұл бетті сіз қолданбаған шолғышпен қарап отырсыз. Бұл веб-торап Microsoft Internet Explorer 6.0 не одан жаңа, Firefox 1.5 немесе Netscape Navigator 8.0 нұсқаларымен ең жақсы көрінеді. Қолданатын шолғыштар жөнінде көбірек біліңіз.

Пайыздық көрсеткіштерді есептеу
Келесіге қатысы бар: Microsoft Office Excel 2007
 

Әр түрлі облыстардағы сауда айналымына салынатын салықты, сынақтан алған бағаларды есептеп шығару немесе екі қаржы жылының арасындағы сауда айналымының пайыздық көрсеткішінің өзгерісін анықтау керек болды делік. Пайыздық көрсеткіштерді есептеудің бірнеше жолы бар.

Пайыздық көрсеткіштер келесі теңдеу арқылы есептеп шығарылады:

сома/барлығы = пайыздық көрсеткіш

Мұнда пайыздық көрсеткіш ондық пішімінде берілген.

Не істегіңіз келеді?


Жиын мен пайыздық көрсеткіш белгілі болған жағдайда соманы есептеу

Мысалы, бағасы 80 000 теңге тұратын бір компьютер сатып алсаңыз және сауда айналымына 8,9% салық салынатын болса, сауда айналымына салынатын салық үшін қанша төлеу қажет? Бұл мысалда, 80 000 теңгеден 8,9% табу керек.

Мысал

Егер мысалды бос жұмыс парағына көшіріп алсаңыз, түсініктірек болады.

КөрсетуМысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.
  2. Анықтама бөлімінен мысалды бөлектеп алыңыз.

     Ескерім   Жол немесе баған тақырыбын таңдамаңыз.

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу
  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.
  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын бөлектеп, CTRL+V пернелер тіркесімін басыңыз.
  5. Нәтижелер мен нәтижелерге айналатын өрнектерді көруді ауыстырып қосу үшін, CTRL+` (доғал екпін белгісі) пернелерін басыңыз немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.
 
1
2
A B
Сатып алу бағасы Сауда айналымына салынатын салық (ондық сан пішінінде)
80 000 0,089
Өрнек Сипаттама (Нәтиже)
=A2*B2 80 000 санын 0,089 санына көбейтіп, төленетін сауда айналымы салығын табады (7 120)

 Ескерім   Пайыздық көрсеткіш пішіміндегі бір санды ондық етіп түрлендіру үшін, оны 100 санына бөліңіз. Мысалы, бұл мысалдағы 100 санына бөлінген сауда айналымы салығы (8,9) 0,089 санына тең.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Жиын мен сома белгілі болған жағдайда пайыздық көрсеткішті есептеп шығару

Мысалы, 50 сұраққа дұрыс берілген 42 ұпайды есептесе, дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші қандай болмақ?

Мысал

Егер мысалды бос жұмыс парағына көшіріп алсаңыз, түсініктірек болады.

КөрсетуМысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.
  2. Анықтама бөлімінен мысалды таңдап алыңыз.

     Ескерім   Жол немесе баған тақырыбын таңдамаңыз.

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу
  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.
  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.
  5. Нәтижелер мен нәтижелерге айналатын өрнектерді көруді ауыстырып қосу үшін, CTRL+` (доғал екпін белгісі) пернелерін басыңыз немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.
 
1
2
A B
Дұрыс берілген жауаптар Мүмкін болған барлық ұпайлар
42 50
Өрнек Сипаттама (Нәтиже)
=A2/B2 Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткішін табу үшін, 42 санын 50 санына бөледі (0,84 немесе 84%)

 Ескерім   Санды пайыздық көрсеткіш түрінде көруге болады. Ұяшықты бөлектеп, Басты қойындысындағы Сан тобынан Пайыз мәнері Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Сома мен пайыздық көрсеткіш белгілі болған жағдайда жиынды есептеу

Мысалы, бір жейденің сату бағасы — 1 500 теңге, яғни бастапқы бағасынан 25% арзан. Бастапқы бағасы қанша? Осы мысалда, саны 1 500 болатын 75% табу керек.

Мысал

Егер мысалды бос жұмыс парағына көшіріп алсаңыз, түсініктірек болады.

КөрсетуМысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.
  2. Анықтама бөлімінен мысалды таңдап алыңыз.

     Ескерім   Жол немесе баған тақырыбын таңдамаңыз.

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу
  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.
  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.
  5. Нәтижелер мен нәтижелерге айналатын өрнектерді көруді ауыстырып қосу үшін, CTRL+` (доғал екпін белгісі) пернелерін басыңыз немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.
 
1
2
A B
Сату бағасы 100%, жеңілдігі шығарылған (ондық пішін)
1 500 0,75
Өрнек Сипаттама (Нәтиже)
=A2/B2 Бастапқы бағаны табу үшін, 1 500 санын 0,75 санына бөледі (2 000)

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Пайыздық көрсеткіш түріндегі екі санның айырмасын есептеу

Мысалы, қараша айындағы табысыңыз 23 420 теңге болса, ал желтоқсан айындағы табысыңыз 25000 болды делік. Осы екі айдың арасындағы табыстарыңыздың пайыздық көрсеткішіндегі өзгеріс қандай? Бұл тапсырманы орындау үшін, ABS функциясы мен алу (-) және бөлу (/) амалдағыштарын қолданыңыз.

Мысал

Егер мысалды бос жұмыс парағына көшіріп алсаңыз, түсініктірек болады.

КөрсетуМысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.
  2. Анықтама бөлімінен мысалды таңдап алыңыз.

     Ескерім   Жол немесе баған тақырыбын таңдамаңыз.

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу
  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.
  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.
  5. Нәтижелер мен нәтижелерге айналатын өрнектерді көруді ауыстырып қосу үшін, CTRL+` (доғал екпін белгісі) пернелерін басыңыз немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.
 
1
2
A B
Қарашадағы табыс Желтоқсандағы табыс
23 420 25 000
Өрнек Сипаттама (Нәтиже)
=(B2-A2)/ABS(A2) Пайыздық көрсеткіш өзгерісін табу үшін, екінші және бірінші сандардың айырмасын бірінші санның нақпа-нақ мәніне бөледі (0,06746 немесе 6,75%)

 Ескерім   Санды пайыздық көрсеткіш түрінде көруге болады. Ұяшықты бөлектеп, Басты қойындысындағы Сан тобынан Пайыз мәнері Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

Функция туралы толық мәлімет

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

Санды пайыздық көрсеткішке көбейту немесе азайту

Мысалы, апта сайын тамаққа 2 500 теңге жұмсайсыз және тамаққа кететін апталық шығынды 25% азайтқыңыз келді делік. Қанша жұмсауыңыз мүмкін? Не болмаса, тамаққа кететін апталық 2 500 жұмсалымды 25% арттырғыңыз келді делік, сонда апталық жұмсалымыңыз қандай болмақ?

Мысал

Егер мысалды бос жұмыс парағына көшіріп алсаңыз, түсініктірек болады.

КөрсетуМысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.
  2. Анықтама бөлімінен мысалды таңдап алыңыз.

     Ескерім   Жол немесе баған тақырыбын таңдамаңыз.

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу
  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.
  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.
  5. Нәтижелер мен нәтижелерге айналатын өрнектерді көруді ауыстырып қосу үшін, CTRL+` (доғал екпін белгісі) пернелерін басыңыз немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.
 
1
2
A B
Сан Пайыздық көрсеткіш
2 500 25%
Өрнек Сипаттама (Нәтиже)
=A2*(1-B2) 2 500 санын 25% азайтады (1 875)
=A2*(1+B2) 2 500 санын 25% көбейтеді (3 175)
=A2*(1+35%) 2 500 санын 35% көбейтеді (3 375)

 Ескерім   Саннан кейін пайыз таңбасы (%) терілгенде, сан оның мәнінің жүзінші бөлігі деп қабылданады. Мысалы, 5% мәні 0,05 деп қабылданады.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы