PowerPivot қондырмасын қотару

Excel 2010 бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасын қотару

Қажетті құрамдастар:

  • Microsoft Office 2010 бумасы керек.
  • Excel бағдарламасына арналған PowerPivot 32-битті немесе 64-битті жабдықтарға қолдау көрсетеді.
  • PowerPivot ең кемі 1 Гб ЖЖҚ дискін қажет етеді (2 Гб немесе одан жоғары ұсынылады).

Ескерім: керекті жадтың көлемі құрастырылатын PowerPivot шешіміне байланысты болады.

  • 3-жаңарту бумасы (SP3) бар Windows XP, 1-жаңарту бумасы (SP1) бар Windows Vista немесе Windows 7 амалдық жүйесін қажет етеді
  • Windows 7 амалдық жүйесінен басқа жүйені пайдалансаңыз, .NET Framework 3.5 SP1 жүйесін орнату керек болады

1. Microsoft Office 2010 бумасын қотарыңыз.

Маңызды: Microsoft Office 2010 сынап көруге арналған нұсқасының таңдалмалы орнатылуын жасайтын болсаңыз, Excel 2010 бағдарламасын және Office Shared Tools құралдарының екеуін де орнату керек. Әйтпесе, Excel бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасын пайдалана алмайсыз.

2. Excel 2010 бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасын қотарыңыз.

Маңызды: Excel 2010 бағдарламасының 32-битті нұсқасын пайдалансаңыз, PowerPivot қондырмасының да 32-битті нұсқасын қолдану керек. Excel 2010 бағдарламасының 64-битті нұсқасын пайдалансаңыз, PowerPivot қондырмасының да 64-битті нұсқасын қолдану керек. Нұсқаларды өзара ауыстыруға болмайды.

3. Excel 2010 бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасын төмендегі қадамдарды орындап орнатыңыз және теңшеңіз:

  1. Excel 2010 бағдарламасына арналған PowerPivot қотарылған қалтаны ашыңыз.
  2. PowerPivot_for_Excel.msi файлын екі рет нұқып, шебердегі қадамдарды орындаңыз.
  3. Орнатып болған соң, Дайындау түймешігін басыңыз.
  4. Бастау мәзірін, Барлық бағдарламалар, Microsoft Office 2010 тармақтарын таңдап, Microsoft Excel 2010 бағдарламасын ашыңыз.
  5. Excel 2010 бағдарламасын іске қосқанда, PowerPivot қондырмасын орнату ұсынылады. Жарайды түймешігін басыңыз.
  6. Орнату аяқталған соң, PowerPivot қойындысы Office 2010 таспасында көрсетіледі.
  7. Excel бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасымен жұмысқа кірісу: бейнелерді және көрсетілімдерді көру арқылы үйрену.

SharePoint бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасын қотару (АТ мамандары/Әзірлеушілер)

  1. SQL Server 2008 R2 бағдарламасының сынап көруге арналған нұсқасын қотарыңыз. (сынау мерзімі 180 күннен кейін аяқталады.)
  2. SharePoint 2010 сынап көруге арналған нұсқасын тіркеңіз және қотарыңыз.
  3. SharePoint бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасын орнатыңыз және теңшеңіз.

Өздігінен жасау іскери сараптамасы туралы қосымша мәлімет алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

 
 

Excel бағдарламасына арналған PowerPivot қондырмасын алу

Қотару