Жылдам бастау: Макрос жасау

Егер Microsoft Excel бағдарламасында қайталап жасай беретін тапсырмалар болса, сол тапсырмаларды автоматтандару үшін макрос жазуға болады. Макрос деген қалағаныңызша іске қосылатын әрекет немесе әрекет жиындары болып табылады. Макрос жасаған кезде, тінтуірдің нұқуларын және пернелердің басылуын жазасыз. Макрос жасағаннан кейін, оның жұмысына қосымша өзгерістер жасау үшін оны өңдеуге болады.

Ай сайын бас есепшіге есеп беретініңізді ойлаңыз. Тұтынушылардың аттарын мерзімі аяқталған тіркелгілермен бірге қызыл түспен пішімдей аласыз, онымен қоса қалың пшімдеуді қолданыңыз. Таңдаған ұяшықтарыңызға пішімдеу өзгерістерін жылдам қолданатын макросты жасай немесе іске қоса аласыз.

Қалай?

Белгіше суреті

Макросты жазу алдында    

Әзірлеуші қойындысы таспада көрінетінін тексеріңіз. Әдепкіде, Әзірлеуші қойындысы көрінбейді, сондықтан төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Файл қойындысындағы Параметрлер түймешігін басып, Таспаны теңшеу санатын таңдаңыз.
  2. Таспаны теңшеу параметрі астындағы Негізгі қойындылар тізімінен Әзірлеуші параметрін таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.
Белгіше суреті

Макросты жазу    

  1. Жасақтаушы қойындысының Код тобындағы Макрос жазу пәрменін таңдап, одан кейін жазуды бастау үшін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Жасақтаушы қойындысындағы Код тобындағы Макрос жазу пәрмені

  1. Жұмыс парағындағы кейбір әрекеттерді орындаңыз, мысалы, кейбір мәтінді теру, кейбір бағандар мен жолдарды таңдау немсее кейбір деректерді толтыру.
  2. Жасақтаушы қойындысының Код тобындағы Жазуды тоқтату пәрменін таңдаңыз.

Жасақтаушы қойындысындағы Код тобындағы Жазуды тоқтату пәрмені

Белгіше суреті

Макрос және тәжірибеге жақынырақ қараңыз    

Жазған макросты өңдеу арқылы Visual Basic бағдарламалау тілдері туралы аздап үйрене аласыз.

Макросты өңдеу үшін Жасақтаушы қойындысындағы Код тобындағы Макрос нұқыңыз, жазған макростың атауын таңдаңыз, одан кейін Өңдеу түймешігін нұқыңыз. Бұл Visual Basic Editor бағдарламасын бастайды.

Кодқа қараңыз, жазған әрекеттеріңіз код ретінде қалай шығатынын қараңыз. Кодтың кейбіреуі сізге таза болуы мүмкін және кейбіреуі құпия болуы мүмкін.

Кодпен тәжірибе жүргізіңіз, Visual Basic Editor бағдарламасын жабыңыз, одан кейін макросты қайтадан іске қосыңыз. Бұл жолы бірдеңе өзгереді ме көріңіз!

Кеңес    Office.com нұсқасы, жұмысқа кіріскенде ақпараты, кеңестер мақалалары, бейнелер және оқу курстары сияқты Анықтама мазмұынмен үздіксіз жаңартылады. Анықтама терезесі асты Дербес болса және Интернетпен байланысқан болсаңыз, Дербес түймешігін басып, Мазмұнды көрсету Office.com пәрменін таңдаңыз. Сондай-ақ Excel бағдарламасының анықтамасы мен нұсқауының Өзіндік беті бөлімін Office.com торабынан қарауға болады.

Беттің жоғарғы жағы Беттің жоғарғы жағы

 
 
Қолданылады:
Excel 2010